191
жұмыс істеп жатқан қызмет түрі оқу бағытымен сәйкес келсе, онда
талапкер жұмысын жалғастыра береді.
Талапкерге бұл бағытта білім алу үшін орта және арнайы орта
білім туралы аттестаты болуы міндетті емес. Оқу басталмас бұрын
жоғары оқу орны, кәсіпорын және білім алушылардың арасында
үшжақты келісім-шартқа қол қойылады. Сол келісімде білім
алушылардың аптаның қай күні кәсіпорында және қай күндері
жоғарғы мектепте теориялық білім алатыны жазылады.
Практикамен біріктірілген оқу түрі
- бұл аралас оқу, яғни оқу
шеңберінде қандай да бір кәсіпорында ұзақ уақытқа практикадан
өтуді көздейді. Бұл бағытты аяқтаған соң дуальды оқытудың
біріктірілген оқу түріндегі сияқты екі диплом алу мүмкіндігі жоқ.
Оқуға осы бағыт бойынша түсу үшін орта немесе арнайы орта білім
туралы аттестат болуы қажет.
Дуальды оқыту бойынша өз кәсіпорындарына мамандар
даярлауға қатысатын жұмыс берушілер қаржы бөледі, оқу
орталықтарының материалдық-техникалық базасын құрады. Бұл өз
кезегінде кәсіптік білім беру сапасын артуына ықпал етіп қана
қоймай,
жұмыс
берушілердің
болашақ
кәсіби
құзіретті
жұмысшыларды даярлауға қатысуы олардың жауапкершіліктерін
де арттыра түседі. Осы тұрғыдан
алғанда кәсіпорын басшылары
кәсіптік білім беру мазмұны мен оның құрылымына, оқу
бағдарламаларының мазмұнын құрастыруға қатысуға қызығушы-
лықтарын арттырады және белсенді қатыса бастайды.
Міне, осы жағдай болашақ мамандардың тек кәсіби ғана емес,
сонымен қатар еңбек етуге деген құлшыныстарының артуына
ықпал ететін нақты өндірістік жағдайында дуальды білім беру
ортасын құру маңыздылығын артуына себеп болады.
Дуальды оқыту бойынша білім алушылардың кәсіпорындарда
іс-тәжірибеден өтуі мен заманауи өндірістік қондырғылары мен
тігін машиналарында жұмыс істеуі арқылы олардың мамандыққа
қызығушылықтары мен еңбекке деген құлшыныстары, кәсіптік
құзіреттіліктері мен дағдыларын меңгеруіне ықпал етеді.
Білім алушылардың теориялық білімдерінің нақты көлемін
бірізділікпен
өндіріс орындарында, кәсіпорындарда әлеуметтік
әріптестердің арнайы қарастырған оқу орталығында, қондырғы-
ларда іс-тәжірибеде бекітіп отырады.
Дуальды білім беру ортасы дегеніміз кәсіптік білім беру
үдерісінде теориялық оқытуды кәсіптік білім беру мекемелерінде
және іс-тәжірибелік-кәсіптік дағдыларды меңгеруге бағытталған
192
өндірістік оқытуды кәсіпорын базасында білім алушыларға қатар
меңгерту болып табылады.
Дуальды білім беру ортасын кәсіптік білім беру мекемесінің
және кәсіпорын басшыларының келісім шарт негізінде дуальды
оқытуды ұйымдастыру ережелеріне сай құрады. Дуальды білім
беру ортасын құру құжаттарын құрастыруда
келесі қағидаларды
негізге алады: кәсіпорын өндірістік алаңдарында болашақ
мамандарды іс-тәжірибеден өтуді өз уақытында жүргізу; білім
берудің мазмұныныда іс-тәжірибеден өту көлемін арттыру мен
жұмыс істеп тұрған қондырғыларда Білім алушылардың теориялық
білімдерін бекітіп, іс-тәжірибелік дағдыларын меңгеруге мүмкіндік
жасау; жұмыс берушінің кәсіпорында болашақ мамандардың өмірі
қауіпсіздігін сақтау шараларымен, арнайы жұмыс киімімен,
көлікпен және асханамен қамтамасыз ету; жұмыс берушінің
кәсіпорын базасында арнайы оқу орталығының және колледждің
материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне қолдау көрсету.
Дуальды білім беру ортасы іс-тәжірибеге бағытталуымен және
құрылымдық өзгерістерімен сипатталады.
«Дуальды білім беру ортасы» дегеніміз кәсіптік білім беру
жүйесіндегі дәстүрлі
теориялық оқыту мен өндіріс, кәсіпорын
базасында тәлімгер жетекшілігімен іс-тәжірибелік оқыту үдерісінің
үйлесімді ұйымдастырылуы, білім алушылардың кәсіпорын
жұмысшысы ретінде нақты еңбек тапсырмаларын орындауы
арқылы кәсіптік құзіреттіліктері мен дағдыларын меңгеруі, еңбек
құндылықтарының қалыптасуына ыңғайлы орта.
Білім беру жүйесінде дуальды оқытуды ендіру әлеуметтік
әріптестіктің болашақ мамандардың бойында кәсіптік маңызды
құзіреттіліктер мен қатар олардың жауапкершіліктерін, еңбекке
құндылық көзқарастарының қалыптастыруда мүмкіндіктері мен
әлеуеті заман талабына сай.
Бүгінгі таңда отандық өндіріс
саласы мен орта және шағын
кәсіпорындар тарапынан жаңа технологияларды меңгеруге
қабілетті, кәсіптік біліктілігі жоғары және өзі таңдаған
мамандығына деген еңбек құндылығы қалыптасқан, үдемелі өндіріс
жағдайына ұтқыр орта буынды жұмысшы мамандарға деген
сұранысы жоғары.
Дуальды оқыту нәтижесінде еңбек ұжымында білім алушының
жұмысқа еркін кірігуіне қолайлы жағдай жасалады, еңбек
ұжымындағы жұмысшылармен қарым-қатынас мәдениетін орнату,
шебердің берген тапсырмаларын орындаудағы жауапкершілік,
193
берілген тапсырмаларды қандай жағдайда болмасын орындауға
ұмтылуы, жұмыс орнының тазалығын сақтауға қатысу, өзі жұмыс
істеп отырған кәсіпорынның ішкі және сыртқы тәртібімен танысуы,
жаңа технологияларды қолдануда
тек оқытушының ғана емес,
сонымен
қатар,
кәсіпорындағы
жауапты
тәлімгердің
жетекшілігімен меңгеруге ұмтылысы, қоғамдық, мәденитынығу іс-
шараларына қатысу және т.с.с. білім алушы өзін ұжымның бір
мүшесі ретінде сезінуіне ықпал етеді.
Бүгінде дуальды оқыту жүйесін қолдану тәжірибесі келесі
артықшылықтарды айқындайды: дуальдық жүйе оқытудың дәстүрлі
түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін - теория мен тәжірибенің
арасындағы алшақтықты жояды; дуальды жүйенің механизмінде
мұғалімнің жеке тұлғасына әсер ету, білім алушының жаңа
психологиясын жасау жатыр. Білім алушыларда білім алу мен
дағдыға ие болуға үлкен мотивация туады, себебі олар білім
сапасының жұмыс орнында қызметтік міндеттерін орындауына
тікелей
байланыстылығын сезінеді; жұмыс берушімен тығыз
байланыста жұмыс жасаушы оқу орны білім алушыларға
қойылатын талаптарды ескеріп отырады; жұмыс берушілер
өздеріне білім алушыларды қамтамасыз ету мәселесін шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: