Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет77/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар 
1.
 
Тұлға ұғымына түсініктеме беріңіз. 
2.
 
Тұлға деп кімді айтамыз? 
3.
 
Индивид ұғымына анықтама беріңіз. 
4.
 
Тұлғалық іс-әрекеттерге тоқталыңыз. 
5.
 
Тұлғаны әлеуметтендіру ұғымын баяндаңыз. 
6.
 
Жеке тұлға дегеніміз кім, түсіндіріңіз. 
7.
 
Әлеумет ұғымын айқындаңыз. 
8.
 
Әлеуметтік категорияларға жеке-жеке түсінік беріңіз. 
9.
 
Әлеуметтік басқару ұғымының мәнін ашыңыз. 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1.
К.Т. Куанжанова. Білім беру субъектілерінің тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерін дамыту. Докт.дисс... Алматы 2015.- 200 с. 
2.
Намазбаева Ж.И. К вопросу о личностно-ориентированном 
подходе в образовании // Хабаршы, «Психология» сериясы №1 (10), 
- Б.11 
3.
Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. - Алматы: Дәуір, 2012. 
4.
Тұрғынбаева Б.А. Болашақ мұғалімдердің әлеуетін дамыту: 
кәсіби шығармашылық жолында. – Алматы: Полиграфия-сервис Кº, 
2012. – 316 б. 


179 
11
 
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
11.1 «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымы туралы түсінік
 
11.1.1
Болашақ 
мұғалімдердің 
кәсіби 
құзыреттілігін 
қалыптастыру
 
11.1.2
Дублин дескрипторлары және дуальды оқыту ұғымы 
туралы
 
11.1.3
Болашақ 
мамандарды даярлауда дуальды оқыту 
жүйесінің рөлі
 
 
 
«Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымы туралы түсінік 
Еуропалық білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес, Болон 
декларациясында квалификация, мамандық шеңбері, мамандардың 
игеріп шығатын құзіреттіліктері мен олардың біліктілігіне 
қойылатын талаптар жүйесі т.б. бірқатар өзекті мәселелер 
Дублиндік дескрипторлармен байланысты. «Дескрипторлар» 
ағылшынның «description» сөзінен туындаған, аудармасы жағынан 
бірнеше мағына береді: 1) сипаттама, түсініктеме; 2) түр, тип, 
сұрып; 3) астын сызып өту, ерекше тоқталу (түсініктеме беру).
Яғни, белгілі бір объектіге түсініктеме беру, оны классификация-
лауға мүмкіндік беретін атау.
Болон үрдісінің білім беру бағдарламаларының сәйкестілігі мен 
шынайылығы принциптеріне сәйкес Еуропалық комиссия және 
жоғары оқу орындарының Еуропалық ассоциациясы бірігіп білім 
беру бағдарламаларында бітіруші түлектердің кәсіби біліктілігіне, 
құзіреттіліктерге баса назар аудару қажеттілігін ескеріп, 2002 жылы 
23 наурызда Дублин қаласында дескрипторларды қабылдады. 
«Дублиндік» тіркесінің мәні осында.
Ең алғаш Берлин коммюникесінде қозғалған «дескрипторлар» 
ұғымы түсініктірек болу және дұрыс түсіну мақсатымен 
құзіреттілік аясында баламалы түсініктеме берілді.
Бітіруші маман игеруге тиісті құзіреттіліктер - жалпы және 
пәндік (пәндік-арнайы, кәсіби) деп жіктелді. Алғашында 
құзіреттіліктер мен біліктіліктер саны 85 болса, кейінірек жалпы 
құзіреттіліктер саны 30-ға қысқартылды.
Европалық білім беру кеңістігінде анықталған 30 құзырет 
түрі:
1. Абстрактты ойлауға, сараптамаға және синтезге қабілеті.
2. Ұжымда жұмыс істей алу икемі.
3. Креативтігі (шығармашылығы).


180 
4. Мәселелерді анықтай, тұжырымдай және шеше білу қабілеті.
5. Жобалар дайындап және оларды басқара алу қабілеті.
6. Білімін практикада қолдана алу қабілеті.
7. Шет тілінде қарым-қатынас жасай алу қабілеті.
8. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолдана алу 
қабілеті.
9. Өз бетінше білім ала алу қабілеті.
10. Ана тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасай 
алу қабілеті.
11. Өз бетінше жұмыс істей алу қабілеті.
12. Есепті шешім қабылдай алу қабілеті.
13. Сыни ойлау қабілеті.
14. Қоғамның әр қилы және мультимәдениетті екенін түсінуі 
және сыйлауы.
15. 
Қоғамдық 
жауапкершілік 
және 
азаматтық 
сана 
тұрғыларынан әрекет ету қабілеті.
16. Этикалық норма тұрғысынан әрекет ету қабілеті.
17. Қоршаған ортаны қорғау идеясына беріктігі.
18. Берілген салада маман емес тұлғалармен кәсіптік 
тақырыптарда қарым-қатынас жасай алу қабілеті.
19. Өз уақытын жоспарлай және бөле алу қабілеті.
20. Атқаратын жұмысының сапасын бағалай алу және 
қамтамасыз ете алу қабілеті.
21. Сын және өздік сынға қабілеті.
22. Түрлі ақпарат көздерінен мәліметтерді таба білу, өңдей 
және сараптай алу қабілеті.
23. Қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарау.
24. Тұлғааралық қарым-қатынас икемі.
25. Қажет деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізе алу қабілеті.
26. Мамандық және пәндік бағытты білуі және түсінуі.
27. Қақтығыс (шиеленіс) жағдайларды шеше білуі және 
келіссөздер жүргізе алу қабілеті.
28. Сапаға қол жеткізуге ұмтылысы.
29. Нәтижеге қол жеткізуге ұмтылысы.
30. Инновациялық әрекеттерге қабілеті.
Мазмұнына қарай құзіреттілік инструменталды, тұлғааралық, 
жүйелік деп 3 үлкен топқа жіктелді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет