Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет78/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Инструменталды құзіреттіліктер
топтамасына – тілдік, 
когнитивтік, әдіснамалық, технологиялық және коммуникативтік 
құзіреттіліктер ендірілді. 


181 
Тұлғааралық құзіреттіліктерге
ұжымда жұмыс істей алу 
біліктілігі, өзінің және өзгенің сын-пікірін дұрыс қабылдай білу 
қабілеті және т.б. жатқызылды.
Жүйелік құзіреттіліктерге
өз объектісіне жүйе тұрғысында 
қарай білуі, сапа үшін жауапкершілік таныту т.б. жатады.
Европалық білім беру кеңістігінде «Білім» сала бойынша 
анықталған пәндік құзыреттілікте:
1. Тұлғаның білім қажеттілігін және жетістігін, даму сатысын 
бағалай алуға қабілетті.
2. Өзінің кәсіби қызметінің нәтижелері негізінде өзін-өзі 
дамыту және жүзеге асыруға қабілетті.
3. Мамандықтың жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсіну 
және кәсіби этика қағидаларын сақтауға қабілетті.
4. Білім үдерісін жобалауға және оны қазіргі таңдағы 
әлеуметтік мәдени жағдайлармен және тұлғаның даму сатысын 
қарастыра отырып, жүзеге асыруға қабілетті.
5. Біріккен қызметті ұйымдастыруға және білім үдерісінің 
субъектілерінің тұлғааралық қарым-қатынасын ұйымдастыруға 
қабілетті.
6. Білім беру аясында психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз 
етуге және қарастыруға қабілетті.
7. Білім беру үдерісі субъектілерінің өзін-өзі дамыту мен өзін-
өзі жүзеге асырудағы психологиялық-педагогикалық жағдайын 
қалыптастыруға қабілетті.
8. Ашық білім беру үдерісі жағдайында кәсіби қызметті жүзеге 
асыра алуға қабілетті.
9. Білім беру үдерісі субъектілеріне психологиялық-
педагогикалық кеңес беруге және бағыттандыруды жүзеге асыруға 
қабілетті.
10. Кәсіби қызметте негізгі халықаралық және отандық 
нормативтік-құқықтық актілерді қолдана білуге қабілетті.
11. Білім беру үдерісі субъектілері әлеуметтік айналаны және 
өзі үшін позиттивті қарым-қатынас жағдайын жасауға қабілетті.
12. Кәсіби қызметте білім берудің негізгі теориялары мен 
әдіснамасын қолдануға қабілетті.
13. Кәсіби қызмет аясында ғылыми-зерттеу қызметін жобалау 
және жүзеге асыруға қабілетті.
14. Кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды қолдануға 
қабілетті.


182 
15. Әртүрлі білім беру контекстерінде ауызша байланыс 
жасауға қабілетті.
Құзіреттілік ұғымының білім беру саласына тереңірек ене 
бастауы себепті, 2005 жылдан бастап құзіреттілік тұғыр тұрғысына 
негізделген білім беру бағыты дамып, жаңа парадигма іске асырыла 
бастады.
Еуропалық біліктілік шеңберінде дескриптор бітіруші 
түлектердің игеруге тиісті құзіреттіліктері мен білім, білік, 
ептіліктері 
туралы 
сипаттамалар, 
критерийлері 
ретінде 
түсіндіріледі және төмендегідей анықтама беріледі.
Құзыреттілік 
тұғыр 
тұрғысынан 
жоғары 
білім 
беру 
бағдарламасын әзірлеу бойынша теориялар мен шетелдік 
тәжірибелерді мазмұндайтын оқу құралдары мен әдістемелік 
нұсқауларда, құзыреттерге негізделген оқыту үдерісін ұйымдас-
тыру, жүзеге асыру бойынша тәжірибелер қамтылған.
Негізгі мақсат және нәтиже: құзыреттілігі қалыптасқан маман 
даярлау.
Барлық сала мамандарының құзыреттілігі туралы пікірлер, 
кәсіби маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдар, 
педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс тапқан. 
«Құзырет» түсінігі алғаш рет іс-әрекеттік білім беру саласында 
(performance-based education) АҚШ-та ХХ ғасырдың 60 жылдары 
қолданыла бастады, оның мақсаты еңбек нарығында бәсекеге 
қабілетті мамандарды дайындау болатын. Бастапқыда «оқушылар-
дың құзыреттері» бихевиоризм дәстүрінде «білімді автоматтан-
дыру» нәтижесінде қалыптасқан, қарапайым дағдыларға келтірілді. 
Тұжырым бойынша, тәжірибелік білімдер түріндегі құзыреттер 
оқушылардың дербестігі мен шығармашылығын дамыту үшін 
жеткіліксіз болғандықтан, құзырет пен құзыреттілік түсініктері 
ажыратылды: (competence and competencies).
Құзырет тұлғалық дәреже, ал құзыреттілік оқыту бағдарлама-
сының бірлігіне айналып және құзыреттің «анатомиясын» құрды. 
Тілдерді оқыту теориясында тілдік құзыреттердің түрлері зерттеліп, 
«коммуникативтік құзыреттілік» түсінігі енгізілді.
Кәсіби басқаруға, қарым-қатынасты оқытудың, шетел тілін 
оқытудың теориясы мен тәжірибесінде құзырет ұғымын 
пайдаланумен сипатталып, «әлеуметтік құзыреттер» түсінігінің 
мазмұны жасалды. 


183 
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың 
зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму 
үдерісінде: құзырет және құзыреттілік ұғымдары пайдаланылады. 
Құзырет ұғымына берілген ұғымдар, анықтамалар, түсіндір-
мелер кей жағдайларда шатасуларға алып келеді. 
«Құзырет - қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, 
мекеменің мәселелерді шешуге, іс - әрекет етуге, бір нәрсені істеуге 
құқықтық шеңбері» деп келтірілген (С.Ожегов сөздігінде). 
І «Құзыр» – әмір, билік. ІІ «Құзыр» – белгілі бір адамның жетік 
білетін мәселесі, хабардарлық. «Құзырет» – белгілі бір мекеме 
немесе қызметкер уәкілдігінің міндеті (Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігінде). 
Құзырет - нақты әрекет пен үдерістерге байланысты тиімді, 
өнімді әрекеттер жасай алатындай дара тұлға сапаларының өзара 
байланысқан бірлестігі (білім, іскерлік, дағдылар, іс-әрекет түрлері) 
(Г.Ж. Меңлібекова). 
Құзыр – адамның тұлға болып қалыптасуындағы қызмет 
барысында байқалатын мінез-құлқы (Қ.С.Құдайбергенова). 
«Құзырет» - білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік 
тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді 
қанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу 
үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жаңғыртуға дайындық 
(С.И. Ферхо). 
«Құзырет» - адамның сапасының құраушысы ретінде көрінеді, 
оның белгілі әрекеттерді немесе кешенді міндеттерді орындау 
қабілеттерін анықтайтын оның қасиеттерінің тобы (Hutmacher, 
Walo). 
«Құзырет» термині, әдетте, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби 
мәртебе иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі 
атқарудағы түсінігі, білімі, іскерлігінің орындалуға тиіс мәселенің 
нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», 
«дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда 
құзыреттіліктің мәнін анықтайды.
Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр 
түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға 
біріктіру жүзеге асырылады. 
«Білу» тек кәсіби іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті 
нақты, ақиқат білім ғана емес, ақиқат мәні бар және білім мен 
білікті қолдануға бағыттайтын құндылық болып табылады.


184 
«Жасай алу» педагогикалық үдерісті жүзеге асыру амалы ғана 
емес, адамның ең басты білігі өзінің ішкі жан дүниесін еркін және 
саналы сезіне білуде де, сыртқы кәсіби педагогикалық қызметте де 
субъект бола білу. 
«Дегеніне жету» - қойылған мақсатқа заң, адамгершілік және 
мәдениет шеңберінде жете білу. Логикалық құрылым ұйымдастыру
әдістемелік құзыреттіліктің педагогикалық - психологиялық 
тұрғыдан құрылымын анықтауға және оны қалыптастырудың 
құралын белгілейді. 
«Құзырет» ұғымы сияқты «құзыреттілік» ұғымына да 
анықтамалар көптеп келтірілген. 
«Құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және 
технологиялық құраушы ғана емес, әрі мотивациялық, әлеуметтік 
және мінез – құлықтық, яғни оқыту нәтижелерін (білім, іскерлік, 
дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды: құзыреттілік - алған 
білім, іскерлік, тәжірибе, мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, 
нақты іс - әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті; құзыреттілік 
ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интег-
рациясы; құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту 
үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу 
жағдайында да қалыптасады (М.В.Рыжков). 
Құзыреттілік - тұлғаның теориялық білімді және практикалық 
тәжірибені белгілі бір міндеттерді шеше білуге қолдануға 
қабілеттілігі және дайындығы (Ю.В. Варданян). 
«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік - кәсіби 
статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі 
атқарудағы түсінігі, білімі, іскерлігінің орындалуға тиіс мәселенің 
нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
Сол себепті, басты құзыреттілік мазмұны маман дайындаудың 
сапасын анықтаушы, жеке білімдер жүйесінің білім, білік, дағдылар
өзара байланысқан жеке құзыреттіліктің негізінде құрылуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет