Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет110/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Балқаш мәселесі. 
Балқаш көлінің экологиясы үшін келесі себеп-
тер бойынша күрделі қауіп төніп тұр: 
1. Іле өзенінің 1970 жылдан бастап Қапшағай суқоймасын толты-
ру үшін пайдаланыла бастауы көлдің таяздануына әкеліп соқтырды. 
Балқаш көлінің су деңгейі 2 метрге дейін төмендеді.
2. Балқаштың айналасындағы 16 көл жүйесінің тек 5-еуі ғана қал-
ды. Шөлге айналу процесі бассейннің 1/3-іне жетті. Сортаң жерлер 
түзілуде
.
3. Балқаш тау-кен байыту комбинатының қалдықтарынан мы-
рыш, мыс, қорғасын, фенол, фторидтердің ондаған тоннасы көлдің 
бетіне шөгеді.
4. Ауылшаруашылық жерлерін суландыру кезінде судың қайтым-
сыз ысырап болуы.
Каспий мәселесі.
Каспий өңірінің экологиялық жағдайы Каспий 
теңізі деңгейінің көтерілуімен және теңіз жағалауындағы экожүйеге 
антропогендік іс-әрекеттермен айқындалады. Теңіз деңгейінің кө-
терілуі жағалау сызығының ұзаруына және су басқан жер ауданының 
артуына әкеледі. Су басу қаупіне көбінесе Каспийдің солтүстік және 
солтүстік-шығысындағы мұнай кен орындары душар болады. Каспий 
теңізі – бекіре тіршілік ететін дүниежүзіндегі ең ірі жер, сондықтан 
Каспий мәселесі мемлекетаралық қана емес, сонымен бірге ол – жа-
һандық мәселе. 
Өздігінен тазару мүмкіндігі жойылып бара жатыр, оның нәтиже-
сі жағымсыз жағдайларға әкелуі мүмкін. Ластанудың басты себебі –
жағалауда және су астында, теңіздегі алыс платформаларда мұнай өн-
діру секілді қауіпті процесс байқалады. Теңіз деңгейінің күрт өзгеруі 
бұрғылау ұңғымаларын, мұнай сақтайтын орындарды істен шығарды.
Соның нәтижесінде су мұнай өнімдерімен, ауыр металдар қосылыста-
рымен және органикалық қосылыстармен ластанды. Жайық, Еділ өзен-
дерінің суымен бірге ағып, теңізге зиянды заттар да көптеп құйыла-
ды. Осының барлығының әсерінен көлдегі балық түрлерінің азаюы, 
каспий итбалығы мен көптеген құстардың көп мөлшерде қырылуы 
мүмкін.
143
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет