Алматыкiтап баспасы


Жауын-шашынды білдіретін метеонимдер



Pdf көрінісі
бет87/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Жауын-шашынды білдіретін метеонимдер
Қар
Жаңбыр
Басқа 
жауын-шашын
АҚША ҚАР
– үлпек қар, қыс 
басталғанда жауатын ал-
ғашқы қар.
АЛА ҚАР, АЛАТЕГЕНЕК
– 
қар еріп жатқан кезде 
ашық қалған ойдым жер-
мен алмасып отыратын 
қар жолақтары мен үйме-
лері: 
алатегенек жер.
ЖАПАЛАҚ ҚАР
– қардың 
ірі үлпектері. Халық қар-
дың үлпектеріне мұндай 
атауды олардың үлпілдек-
тігі мен көлемі бойынша 
үкінің қауырсынын еске 
салатындықтан берген тә-
різді.
ҚАЛЫҢ ҚАР 
– қалың бо-
лып жиналып қалған қар: 
Қалың қарда малға жайы-
лу қиын.
КЕСЕК ҚАР 
– қар үймесі; 
қатты боран соққанда үйі-
ріп үйіп тастайды: 
Кесек 
қарда жүру қиын.
ОМБЫ ҚАР
– күртік қар; 
терең қар: 
Омбы қар, әрі 
жүре алмадық.
СОНАР 
– жаңа жауған қар. 
Аңшылар үшін маңызды 
күн: 
Сонарда аң қайда ке-
теді? 
АҚЖАУЫН
– аса қат-
ты емес, бірақ ұзақ 
жауатын жазғы жа-
уын, бұл кезде аспан-
ды ақшыл сұр бұлт 
басады: күн ақжауын.
БҮРІКПЕ ЖАУЫН

сіркіреп жауған жаң-
быр.
ЖАҢБЫР 
– жаңбыр 
жауып тұр.
ЖАУЫН-ШАШЫН

аспаннан түсетін жа-
уынның барлық түрі: 
Осы жауын-шашында 
кайда барасың?
ҚАРА ЖАҢБЫР
– көк-
темде немесе күзде 
жауатын суық, ұзаққа 
созылатын қатты жаң-
быр. Көктемде осын-
дай жаңбыр жауған 
кезде арық, әлсіз мал-
ға тиісті күтім көрсе-
тілмесе, жиі өлім-жі-
тімге ұшырайды.
НӨСЕР
– қатты құ-
йып жауатын жаң-
быр: 
Кеше осында 
нөсер жауын болды.
ӨТКІНШІ 
– жылдам 
өтетін, ұзаққа созыл-
майтын, бірақ кейде 
қатты жауатын «со-
қыр» жаңбыр.
БҰРШАҚ 
– егінді бұршақ
соқты.
ЖАУЫН 
– жаңбыр, кей-
де жауын-шашын.
КӨК МҰЗ
– бетін қар 
жаппаған мұз; көктай-
ғақ: 
Осы көк мұзда мал 
жайыла ма? 
ҚЫЛАУ
– қырау; ұсақ 
қар қиыршығы: 
Шөптің 
басында қырау тұр
.
МҰЗ
– таудағы мұздық.
МҰЗДАҚ
– көк мұз; қар-
дың бетіндегі мұз қа-
быршағы, қыс кезінде-
гі жымықтан немесе 
қыста жауған жаңбыр-
дан кейін пайда бола-
ды: 
мұздақ; қойлар тебе 
алмайды.
ТҰМАН 
– бүгін тұман.
Осыдан орыстың 
туман
сөзі шығады.
ШЫҚ
– шық түсті.
1.
Қалай ойлайсыңдар, 8-кестенің мазмұны қоңыржай белдеу жағда-
йында климаттың күрт континенталдылығын қалайша дәлелдейді?
2.
Жылдың қай мезгілі (суық немесе жылы) Қазақстан аумағы үшін әл-
деқайда қолайлы?
110
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Күн райының жағдайын, бұлттылық дәрежесін, атмосфераның көрі-
нетін мүмкіншілігін, түрлі атмосфералық құбылыстарды көрсететін ха-
лықтық терминдер мен ұғымдар, сонымен бірге тілдің толық жеткізе 
алу мүмкіндігін, халықтың ұқсас бақылауларды бір санатқа біріктіре алу, 
сондай-ақ оларды бір-бірінен ажырата білу қабілетін көрсетеді. Олардың 
ішіндегі жиі қолданылатындары 9-кестеде көрсетілген.
9-кесте
Күн райының, бұлттылық, атмосфераның мүмкіншілігі, түрлі 
атмосфералық құбылыстар жағдайын білдіретін терминдер мен 
ұғымдар
АЛАБҰЛТ
– арасынан аспан көрінетін жырым-жырым бұлттар.
АЯЗ
– ашық, желі аз күн райындағы қатты аяз: қысқы аяз.
БУАЛДЫР
– жеңіл-желпі түнек; жеңіл тұман; түтінді перде: бүгін күн буалдыр.
БҰЛТ
– атмосферада қалқыған өте ұсақ су буы тамшыларының, мұз крис-
талдардың жүйесі.
БҮРКЕУ
– бұлтты күн райы; бұлт жапқан аспан: бүгін күн бүркеу.
ЖАЙ, НАЙЗАҒАЙ
(ескі қазақша «жай» – «садақ оғы») – жарқ ете түскен най-
зағай, нақтырақ айтқанда – найзағай (
найза
сөзінен алынған) терминінен 
айыр машылығы – найзағай соққысы, үнемі аспанда найзағай ойнағаннан ке-
йін қалған ізді білдіреді: жай түсті.
ЖЫЛЫМЫҚ
(
жылы
сөзінен алынған) – қыста, қар енді ери бастағанда орнай-
тын жылы күн райы: жылымық, қар epiп жатыр.
ЗЫМЫСТАН
– қыстағы қатты аяз: 
Осы зымыстанда қайда барасыз?
КЕМПІРҚОСАҚ
– атмосферадағы оптикалық құбылыс.
ҚУАҢ
– құрғақшылық, құрғап қалған:
 қуаң дала.
КҮН
– күндіз; күн райы: 
Бүгін күн қалай?
КҮН РАЙЫ
– белгілі бір уақыттағы күннің жай-күйі, жағдайы.
ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ
– қуаңшылық.
МҰНАР 
– тұман, жеңіл бұлыңғыр: 
Тау мұнарланып тұр.
САҒЫМ
– буалдыр, елес: 
Тау сағымдалып тұр.
САЛҚЫН
– салқындық:
 Бүгiн күн салқын.
СУЫҚ
– суықтық: бүгiн суық. Термин кейде жеке географиялық атаулардың 
құрамына кіреді: 
Суықтөбе, Суықсай.
ҮСІК – 
қатқақ: келесі аптада үсік жүреді.
ШАРБЫ БҰЛТ
(шарбы – мөлдір, малдың қарнына дейін түсіп бүркеп тұратын 
ақ қабаты) – ұлпа бұлт: 
аспандағы шарбы бұлт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет