8-кестеде
берілген мәліметтер бойынша,
логикалық сызба бойын-
ша өзара байланысатын қасиеттерді, құбылыстар мен процестерді
анықтаңдар: күн райы жағдайы
бұлттылық
атмосфераның
мүмкіндігі
атмосфералық құбылыс.
Желдің сипаттамасы – қазақтардың тұрмыс тіршілігінде, жылдың
барлық маусымында бірге ере жүреді. Ауызекі тілде де, әдебиет-
те де желдің күшін, температурасын, бағытын, ағынының сипатын
білдіретін атаулары көптеп кездеседі. Олардың бірқатары 10-кес-
теде берілген.
10-кесте
Желге қатысты метеонимдер
АЛАЙ-ТҮЛЕЙ БОРАН
– түк көрінбейтін қатты қарлы боран:
алай-түлей боран-
нан ештеңе көрінбейді.
АҢЫЗАҚ
– жазда соғатын құрғақ, ыстық жел, аңызақ. Мұндай желдің әсері-
нен топырақ құрғап, мал жайылымы қурап қалады, бұл ауылшаруашылыққа
үлкен зиян келтіреді:
аңызақ соғып тұр.
БОРАН
(әдебиетте және картада «боран») – бұрқасын,
ұйтқыған қарлы бо-
ран; осыдан орыстың «буран» сөзі шығады. Кейде термин жекелеген жер ата-
уының құрамына кіреді:
Бораншоқы, Борандыкөл.
БОРАСЫН, БҰРҚАҚ
(«бұрқырау» етістігінен – «будақтау») – әлсіз бұрқасын.
ДАУЫЛ
–
қатты жел;
қарсыз боран, дауыл:
Дауыл ағаштарды құлатты.
ЖЕЛ
– ауаның жел бетіне қатысты қозғалуы. Термин жекелеген география-
лық атаулардың құрамына кіреді: Желдіқара, Желдіқарағай, т.б.
көптеген
атаулар бар.
ЖЕЛЖАҚ
– жел жағы.
ЖЕЛКЕМ
– желді, желді күн райы.
ҚАРА БОРАН
– шаң-тозаңды немесе құмды боран: қара боран, терезені ашу-
ға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: