1.
Жел метеонимдерінің құрамында қандай сөздер халықтық гео-
графиялық терминдер, ал қайсысы индикатор-сөздер? Метеоним
атауының құрамында сөздер сөйлемнің қай бөлігінде көрініс тапқан?
2.
Қазақтілді БАҚ-тың күн райы болжамында қандай сөздер өте жиі
кездеседі, ал қандай сөздер қазіргі кезде аз қолданылады? Жауапта-
рыңды скриншоттармен, қиындылармен, қазақ тіліндегі күн райы
болжамының фотосуретімен дәлелдеңдер.
Г
ЕОДЕРЕК
. Қоңқашбаев Ғали Қоңқашбайұлы
(1903-1986 ж.) – қазақ
топонимикасын зерттеуші-ғалым. Оның ғылыми жарияланымдары
қазақтың географиялық халықтық терминологиясына, қазақ топо-
нимдеріне арналған және осы күнге дейін маңызын жойған жоқ.
Оның кеңінен танымал «Қазақша географиялық атаулар сөздігі» –
Қазақстандағы топонимика және жалпы ономастика бойынша
жарық көрген алғашқы еңбегі. Ол орыс тілінде әзірленген және
шамамен 2000 орографиялық, гидрографиялық және ойконимия-
лық нысандардың атауынан тұрады, әр атауға қысқаша этимология
берілген. 1945-1971 жылдары Ғ.Қ. Қоңқашбаев республикалық геогра-
фиялық және геологиялық атаулар жөніндегі комиссия төрағасының
орынбасары болған.
Достарыңызбен бөлісу: