Сур. 8.7. Электр
энергиясын қашықтыққа
жеткізу кезіндегі тҥрлендірудің схемасы
Жоғарылатқыш трансформатор;
– электрді жеткізудің жоғары вольтті желісі;
Тӛмендеткіш трансформатор;
Генератор, тҧтынушы.
Ауыспалы ток ЭЖЖ ҥнемділігіне
әсер
ететін маңызды шама cos
болып табылады. Ол ЭЖЖ-дегі
активті және реактивті қуаттардың
қатынасын сипаттайды.
Ауыспалы ток ЭЖЖ ҧзындығы
бірнеше
мың километр болған
кезде, тағы бір жоғалтымның тҥрі
– радио сәулелендіру байқалады.
Мҧндай ҧзындықты жиілігі 50 Гц
болатын электрмагниттік толқын
ҧзындығымен
салыстыруға
келетіндіктен, сым антенна
сияқты
жҧмыс істей бастайды.
Электр желістеріндегі қысқа тҧйықталу.
Қысқа тҧйықталудың
себептеріне бҧзылған оқшаулану, жыртылған ӛткізгіштер,
қызметкерлердің
дҧрыс емес әрекеттері және т. б. жатады. Бҧндай жағдайларда ток номиналды
токтан кӛп есе артып тҥседі де, электрлік ғимараттардың механикалық
бҧзылуына және олардың қатты қызып кетуіне әкеледі.
Есте сақтаңыз
Тҧйықталу кезінде желістерді жылдам ажырату ҥшін
және электрлік
ғимараттарды бҧзылудан алдын алу ҥшін әр ток ӛткізгіш желісі басында
максималды токтан сақтайтын
балқымалы сақтандырғыш, автоматты
ажыратқыштар немесе максималды ток релелері кӛмегімен (нақты талаптарға
байланысты) қорғаныс қою қажет.
Достарыңызбен бөлісу: