К ә с І п т І к б І л І м б е ру г. В. Ярочкина электротехника негіздері



Pdf көрінісі
бет152/159
Дата16.10.2023
өлшемі7,04 Mb.
#116057
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   159
Байланысты:
Ярочкина-Электр-техника-негіздері.-Оқулық

8.3. ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҦТЫНУ 
 
8.3.1. ЭЛЕКТРЖЫЛЫТҚЫШ ҚҦРАЛДАР 
Жҧмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҥшін жылытқыш элементтерді 
керамикалық қабықшаға және кейін шойын тақтаға, герметикалық 
қҧбырларға, керамикалық патрондар каналдарына және т. б. жҥргізеді.
8.11-сурет. 
Индукциялық пеш 
қҧрылысы:
1 — болат ӛзекше; 2 — бір реттік 
орам; 3 — балқытылатын металл; 
4 — отқа тӛзімді канал. 
Әдетте 
қҧралдарды 
бірнеше 
жылытқыштармен 
жасайды, 
бҧл 
олардың 
қуатын 
саты 
бойынша 
кӛптҧрғырлы ауыстырып қосқыштармен 
реттеуге мҥмкіндік береді. Сондай-ақ, 
ӛнеркәсіпте жылыту, балқыту, кептіру 
және 
басқа 
да 
мақсаттар 
ҥшін 
пайдаланылатын электрпештің тҥрлі 
типтерін де жылытқыш элементтермен 
жабдықтайды. 
Индукциялық электрпештер. Мҧндай 
пештерді металдарды балқыту және 
қорытпалар алу ҥшін пайдаланады. 
Индукциялық 
пештерде 
электрлік 
энергия қҧйын тогы есебінен жылу 
энергиясына тҥрленеді. 


Пештер болат ӛзекшемен немесе ӛзекшесіз жасалуы мҥмкін. Болат 
ӛзекшесі бар индукциялық пеш қҧрылысы 8.11-суретте кӛрсетілген. Болат 
ӛзекше 1 магниттік ағынның сейілуін азайтады және оны балқытылатын 
металда 3 рет қоюлатады. Бҧл қысқа тҧйықталу режимінде жҧмыс істейтін 
ерекше трансформатор. Бірінші реттік орам 2 жабық болат магнитӛткізгіштің 
бетіне тӛселген, екінші реттік орамның қызметін балқытылатын металл 3 рет 
орындайды. Металды бірінші реттік орамды қапсыратын сақина тәріздес отқа 
тӛзімді каналға орналастырады. Осындай жолмен, екінші реттік орам қысқа 
тҧйықталады. Бірінші реттік орамды жиілігі f айнымалы кернеумен 
қоректендіргенде екінші реттік орамда E2 электрқозғалтқыш кҥші 
индукцияланады. Бҧл кҥш бір канал ҥшін (w2 = 1) келесі ӛрнекпен 
анықталады: 
Фm — бірінші ораммен туындайтын максимал магнит ағыны. 
Е2 әсерінен екінші реттік орамда (металда) ӛте ҥлкен мәндегі 12 тогы 
жҥріп ӛтеді. Бҧл жылудың кӛп мӛлшерінің бӛлінуіне әкеліп соғады. Металл 
жоғары температураға дейін қызады және балқиды. 
Электрдоғалы пештерде жылу кӛзі болып электрлік доға табылады. 
Металл бҧл пештерде доғаның сәулелік энергиясымен қызады. Кішкентай 
кӛлемде жылудың кӛп мӛлшері шоғырланғандықтан, салдарынан, доғада 3 
000 — 5 000 °С-қа дейінгі темпрератураны алуға болады. Доғалы пештерді 
электрмен жабдықтау салыстырмалы тҥрде кҥрделі болып келеді. Оларды 
қоректендіру ҥшін ҥлкен және созылмалы артық жҥктемелерді кӛтеруге 
арналған арнайы трансформаторларды пайдаланады. Электродтар қалпын 
автоматтандырылған электр жетектермен реттейді.
Электрлік пісіру. Пісіру деп тетіктерді ағытпасыз жалғауға қол жеткізу 
әдісін айтады. Пісірудің доғалы, тҥйіспелі, плазмалы-доғалы және 
электронды-сәулелік тҥрлерін ажыратады.
Электрдоғалы пісірумен әсіресе, болат, ағытпасыз жалғауға қол 
жеткізеді. Бҧл мақсат ҥшін электрлік доғаның пісірілетін тетіктеріне жылу 
әсерін пайдаланады. Бір электродтың қызметін пісірілетін тетік 3 орындайды. 
Ал екіншісінікін –– арнайы электрод 2 орындайды (8.12-сурет). Электродтар 
арасындағы қашықтық ҥлкен болмағандықтан доға жылуы 1 кішкентай 
кӛлемде шоғырланған. Бҧл металдың пісіріп жалғау орнында тез қызуына 
және балқуына әкеліп соғады. Электрод токтың доғаның пайда болу орнына 
берілуі және пісіру тігісінің қалыптасуына қажетті қосымша материалды 
(металды) жеткізу ҥшін арналған.
Доға в50—80 В кернеуде пайда болады. Оны ҧстап тҧру ҥшін 25 — 
30 В кернеу қажет. Доғаны қоректендіру тҧрақты немесе айнымалы токпен 
жҥргізілуі мҥмкін. Айнымалы токпен пісіру экономикалық тҧрғыда 
тиімдірек. Пісіру агрегаттары арзанырақ, оларды пайдалану шығындары 


тӛменірек болып келеді. Дегенмен, айнымалы токты тҥсті металдарды пісіру 
және болаттардың кейбір маркаларын пісіру ҥшін пайдалануға болмайды.
8.12-сурет. Электрдоғалы пісіру схемасы: 
1 — доға; 2 — арнайы электрод; 3 — пісірілетін тетік 
Тҥйіспелі электрлік пісірудің келесі тҥрлері бар: тҥйіспе, нҥктелік 
және аунақшалы. Нҥктелік және аунақшалы (тігісті) пісіру токтың 
бірполярлы импульстарымен қуатталған тҥйіспелі машиналарда жҥргізіледі.
Пісірілетін тетіктерді тҥйіспелі машина электродтары арасында 
орнатады, тығыздап қысады және токты қосады. Тҥйіспе орнында металл 
балқиды және пісіру нҥктесі пайда болады, аунақшалы пісіру кезінде 
дайындамаларды аунақшалар арасында орнатады. Аунақшалардың айналуы 
кезінде оларға импульспен ток қосылады.
Жоғары сапалы нҥктелік пісіруге ток импульсінің нақты амплитудасы 
мен ҧзақтығы кезінде қол жеткізіледі.
Электрлік энергияның жылу энергиясына тҥрленуі тҧрмыста (ҥтіктер, 
электржылытқыштар, электрлік тақталар және т. б.) және ӛндірісте 
(индукциялық және электрдоғалы электрлік пештер, пісірудің электрдоғалы, 
тҥйіспелі және т. б. тҥролері) кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет