6-Дәріс. Басқару стилдері. Жетекшінің басқару стилінің ерекшеліктері мен өнімділігі. Дәрістің жоспары


Р. Лайкерт «көшбасшылықтың төрт жүйесі (стилі)» тұжырымдамасын ұсынды



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата16.10.2023
өлшемі339,03 Kb.
#116231
1   2
Байланысты:
Дәріс-6

Р. Лайкерт «көшбасшылықтың төрт жүйесі (стилі)» тұжырымдамасын ұсынды: 


1.
 
Эксплуататорлық-авторитарлық жүйе
. Бұл стильдің жетекшілерінде автократтық 
басқарудың айқын мінездемесі бар. 
2.
 
Бейімдік-авторитарлық жүйе. 
Қарамағындағылармен авторитарлық қарым-қатынасты 
сақтай отырып, бұл жетекшілер оларға шешім қабылдауға қатысуға рұқсат береді. 
Ынталандыруға марапаттаумен немесе жазалаумен қол жеткізеді. Бұл жүйедегі жетекшілер 
бейімді автократ типіне сай келеді. 
3.
 
Консультативтік жүйе. 
Мұнда жетекшілер қарамағында- ғыларға сенім (шын мәнінде 
толық емес) көрсетеді. Жетекші мен қарамағындағылар арасында екі жақты тілдесу және 
консультативтік байланыс бар. Маңызды шешімдер жоғарыда қабылданады, бірақ 
қарамағындағыларға көптеген нақты шешімдер сеніп тапсырылады.
4.
 
Партисипативтік жүйе
. Ол өзін-өзі басқаруды білдіреді және қызметкерлердің 
негізгі шешімдер қабылдауына қатысуына негізделген. Р. Лайкерт оны ең пайдалы деп 
есептейді. Қарамағындағылар мен жетекшілер арасындағы байланыс өзара сенімді, достық 
сипатта, алшешім қабылдау орталықтандырылмаған. Тіл қатысу екі жақты және бейресми. Бұл 
жүйенің көш- басшылары атқарушылардың басқаруға қатысуын қолдайтын жетекшілерге сай 
келеді (Z теориясы). Эксплуататорлық-авторитарлық жүйе жетекшілеріне қарама-қайшылықтағы 
олар жұмысқа емес, адамға бағдарланған. 
Р. Лайкерт сұлбасы қазіргі кезде «авторитарлық-либералдықты» тереңдетуші және 
мүшелеуші, оған қатысты баламалы емес континуум ретінде қарастырылады. 
Бұл тәсілдердің барлығының жалпы ерекшелігі – олардың бір өлшемділігі, жетекші стилін 
атап көрсетуге арналған қандай да бір параметрдің болуы. Басқару іс-әрекетін қос өлшемдік 
ұсынуға, жалпы басқару стильдерін атап көрсетудің екі көрсеткішінің сабақтасуына негізделген 
тәсіл әлдеқайда жетілген. Мұнда Р. Лайкерттің жетекшілерді тек қана жұмысқа және тек қана 
адамға зейін аударатын адамға бөлетін тезисінің қате екендігі көрсетіледі. Жетекші бір мезгілде 
жұмысқа да, адамға да бағдарлана алады. Демек, бұл бағдарланулардың сабақтасуы стильдерді 
атап көрсетудің негізіне жатқызылуға тиіс. Қорытындысында ол Р. Блейк және Д. Моутон 
ұсынған атақты 
«бас- қару торын» (managerіal grіd) 
береді. 
Екі көрсеткіштің сабақтасуы арқылы жетекшіліктің бес стилі атап көрсетіледі: 
1.
Бірлескен басқару. 
Жетекші барынша аз күш жұмсайды және басқалардан да жұмыстың 
орындалу сапасы жұмыстан босатуды болдырмайтындай ғана дәрежеде болуын талап етеді. 
2.
Қала сыртындағы клуб ретінде басқару (демалыс үйі). 
Жетекші қарамағындағылармен 
достық қарым-қатынасты ұсы- нады, тапсырманың ең тиімді орындалуына ұмтылмайды. 
3.
Билік-бағыну (үстемдік ету). 
Жетекші ұйымдағы жақсы қарым-қатынасты ұстап тұруға аз 
зейін аударады, ол тиімді іс- әрекетті қамтамасыз етуге толықтай берілген. 
4.
Ұйымдастыра басқару (ұйым). 
Қолжетімді сапаны қамтамасыз етуге ұмтыла отырып
жетекші тиімділік балансы мен жақсы моральдық күй табады. 
5.
Топтық басқару (команда). 
Атқарушылар саналы түрде ұйым мақсаттарына тартылады. 
Жетекші бұған жұмыс тиімділігіне де, қарамағындағыларға да бір мезгілде тұрақты зейін 
аудару барысында қол жеткізеді. Бұл жетекшінің ең табысты стилі, өйткені адами жақсы 
қарым-қатынас пен ұйымдық қыз- меттің жоғары нәтижелері қамтамасыз етіледі. 
 
Әдебиеттер: 
1.
Ахтаева Н.С.,Әбдіғапарова А.І, Бакбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы. –Алматы: Бастау 
баспасы, 2010.- 250 б.
3.Волкогонова О.Д., Зуб А.Т. Управленческая психология. – Москва: ИД «Форум» - Инфра, 2015. 


4. Захарова Л.Н. Психология управления. Логос. 2014г.
5.Кабаченко В.С. Психология управления. Учебное пособие. – М.: Юнити, 201 
6.Хасанова Г.Б., Исхакова Р.Р. Психология управления трудовым коллективом. Изд.КНИТУ. 2012г. 
260стр. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет