Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


Сотталған немесе ақталған адамның



Pdf көрінісі
бет18/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

Сотталған немесе ақталған адамның 
құқықтары: 
1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер 
беруге;
2) соттың үкiмiне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдануға 
және шағымдалған шешiмдердiң көшiрмесiн алуға; 


23 
3) iс бойынша келтiрiлген шағымдар мен қарсылықтар туралы бiлуге 
және оларға қарсылық беруге; мәлiмделген шағымдар мен қарсылықтардың 
сотта қаралуына қатысуға құқығы бар. 
Iске айыпталушының қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң қатысуы 
айыпталушының қандай да болмасын құқығын жою немесе шектеу үшiн 
негiз бола алмайды. 
Қорғаушы
– заңда белгiленген тәртiппен күдiктiлер мен айып-
талушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын және 
оларға 
заң 
көмегiн 
көрсететiн 
адам 
(ҚР 
ҚПК
66-бап). 
Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабында былай 
делiнген: «ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр 
адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап 
адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы». 
Қорғаушы ретiнде мыналар қатыса алады: адвокаттар; кәсiподақ және 
қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi; айыпталушы мен күдiктiнiң жақын 
туыстары мен заңды өкiлдерi; шетел адвокаттары, егер ол Қазақстан 
Республикасының тиiсiлi мемлекетпен халықаралық шартында өзара негiзде 
көзделсе, заңдарда белгiленген тәртiппен iске қорғаушы ретiнде қатысуға 
жол берiледi. Қорғаушы сот өндiрiсiнiң барлық кезеңдерiне қатысуға 
құқылы: сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастау және алдын ала тергеу iсiне
соттың талқылауына, апелляциялық және қадағалау инстанцияларына 
қатысуға құқылы. Адамды күдiктi, айыпталушы немесе сотталушы деп айып 
тағылған сәттен бастап қорғаушы iске қатысуға жiберiледi. 
Жәбiрленушi
– қылмыстық процесте оған тiкелей қылмыспен 
моральдық, дене және мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп ұйғар-ған анықтаушы
тергеушi органдардың, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немесе соттың 
қаулысы шыққан адам (ҚР ҚПК 71-бап). 
Жәбiрленушiнiң өлiмiмен аяқталған қылмыстар туралы iс бойынша
жәбiрленушiнiң құқықтарын оның жақын туыстары пайдалануға құқылы. 
Ескерте кету керек, заңды тұлға өзiне қатысты тiкелей қылмыспен 
мүлiктiк зала келтiредi деп ұйғаруға жеткiлiктi негiз бар деп таныса
азаматтық талапкер ретiнде қатыса алады (ҚР ҚПК 73-бап). 
Жәбiрленушi дәлелсiз себептермен шақыру бойынша келмеген кезде ол 
ҚР ҚПК-нiң 157-бабында көзделген тәртiппен күштеп әкелуге ұшырауы және 
заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн. 
Жәбiрленушi жауап беруден бас тартқаны үшi н және қасақана жалған 
айғақ бергенi үшiн заңдарға сәйкес Қылмыстық жауапқа тартылады. 
Зардабы адамның қайтыс болуына жеткiзген қылмыстар туралы iстер 
бойынша жәбiрленушiнiң осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған 
адамның жақын туыстары жүзеге асырады. Егер жәбiрленушiнiң құқықтарын 
беруге туыстарының қаза табуына байланысты қылмыспен моральдық зиян 
келтiрiлген бiрнеше адам үмiткер болып отырса, олардың бәрi не олардың 
арасындағы келiсiм бойынша олардың бiреуi жәбiрленушi болып таныла 
алады. 


24 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет