Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


 Дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау



Pdf көрінісі
бет26/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

4. Дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау 
Дәлелдеу процесі мәнісін философиялық түсіну "кек аукымды 
мағынасыпндағы дәлелдеме ұғымымен" жанама түрде байланысты. Мұндай 
айкындама жағдайында қылмыстық іс жүргізудің "дәлелдеме" ұғымының 
(процеске, актіге, іс-қимылға қатысы жоқ) мәнісі философиялық көзқарас 
тұрғысынан "тар мағынадағы дәлелдеме" ұғымына сай келеді. Дәлелдеме 
(объектілер) және дәлелдеу (іс-кимыл) деп процессуалдық бөлудің 
мағыналылықтан гөрі әдістемелік мәні бар.
Дәлелдеу процесінің элементтері болып табылатындар: жинау, 
зерттеу, баға беру және қолдану.
Олардың бәрі бір бірімен тығыз 
байланысты және процестің барлық кезеңдерінде өз орындары бар. 
Дәлелдеу процесінің жекеше элементтеріне сипаттама.
Дәлелдерді жинау. 
Дәлелдемелерді жинау— бұл дәлелдеу процесінің 
бірінші кезеңі немесе элементі. Іс жүргізу құқықтық көзқарас тұрғысынан 
дәлелдемелерді жинау іс бо-йынша қажетті іс жүзіндегі деректерді анықтауға 
бағытталған іс-қимыл жиынтығынан көрінеді. ҚПК-нің 122-бабына сәйкес 
дәлелдемелерді жинау мынадай жолдармен жүргізілуі мүмкін; кез келген 
адамды куәгерлер, жәбірленушілер ретінде шақыру және жауап алу, сондай-
ақ сарапшылар ретінде қорытынды беру үшін шақыру; кәсіпорындардан, 
мекемелерден, ұйымдардан, сондай-ақ қызмет адамдары мен азаматтардан 
заттарды, құжатт-арды және мәліметтерді талап ету. Бұған қоса 
дәлелдемелерді күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жекеше айыптаушы
жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және 


34 
олардың өкілдері, сол сияқты кез келген азамат, кәсіпорын, мекеме және 
ұйым беруі мүмкін. 
Сонымен, дәлелдемелерді жинау, сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде 
және сот талқылауы процесінде жүзеге асырылады. Дәлелдемелерді жинау 
тәсілі — ҚПК-де қаралған тергеу және сот іс-қимылдарын жүргізу. 
Дәлелдемелерді жинау кезеңдері мыналар болып табылады: табу, бекіту,
алу. 
Дәлелдемелерді зерттеу
. Дәлелдеу процесінің келесі кезеңі 
дәлелдемелерді зерттеу болып табылады. Дәлелдемелерді зерттеу жөніндегі 
қызметтің процессуалдық-құқыктық негізі болады: ҚПК-нің 24-бабы (істің 
мән-жайын жан-жакты, толық және объективті зерттеу туралы); ҚПК-нің 
364-382-баптары (соттық тергеуде дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі туралы), 
сондай-ақ өзге де нормалар. Дәлелдемелерді зерттеудің субъектілері 
анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот болып габылады. Сонымен бірге 
теория мен практикадағы дәлелдемелерді зерттеудің мәнісі бір мәнді емес 
тұрғыдан түсіндіріледі. 
Дәлелдемелерді бағалау
. Дәлелдемелерді бағалау — бұл іс бойынша 
шындықты анықтауда жиналған дәлелдемелердің рөлін айкындауға 
бағытталған логикалық ой процесі. Дәлелдеу процесінің осы кезеңдегі 
(элементі) кұкықтық негізі ретінде КПК-нің 125-бабы бой көрсетеді, онда 
былай деп жазылған: судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы заңды және 
құқыктық танымды басшылыкқа ала отырып істің барлық жағдайларын 
олардың жиынтығында жан-жақты толық және объективті түрде қарауға 
негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша дәлелдемелерді бағалайды және 
қандай да болсын дәлелдеменің судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы 
үшін күні бұрын белгіленген күші болмайды. 
Сонынен, дәлелдемелерді бағалау — өзінің шектері мен шектеулері бар 
белгілі бір процессуалдық маңызды шарттарға негізделген қызмет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет