Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет244/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018


 
10.6.
Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі.
Мұғалімнің сабаққа 
дайындалуы өзара байланысты екі кезеңнен түрады: сабақ жүйесін та
-
қырып
бойынша жоспарлау және осы жоспарды әрбір сабаққа нақты
-
лап ойластыру, 


290 
басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру. 
Тақы-рыптық жоспарлау.
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының "белгілі бір бөлімінде, оқу
-
тәрбие үдерісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы 
тәсілі. Бұл жүйеге дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі 
сабақтар, сонымен қатар оқушы
-
лармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс 
жасауды ұйымдастыру кіре алады. Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы 
мұғалімнің оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не меңгеріп, 
үйренуі ке
-
ректігін нақты анықтауына байланысты. Сол себепті де 
тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі бір тақырыпты қамтып, мұқият 
дайын
-
далуынан басталады. «Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі 
са
-
бақта бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа жоспарлау 
қажет. Тек осындай алдын ала
жүргізілетін
жұмыстың нәтижесінде 
тақырыптың 
жоспардағы 
"пайда 
болған" 
сабағын 
көруге 
болады.Тақырыптық жос
-
парлау жүйесін барынша сәтті, ғылыми тұрғыда 
ұсынған педагог М.И. Махмутов болды. 
 
Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау. 
Сабақ жоспары 
– 
бұл 
шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы, 
дарындылықтың іргетасы және таланттың көрінісі.
Сабақтыңмақсаты

бағдарлама материалының мазмұнына, мектепте 
материалдық базасына, оқушылардың оқу материалы мен жұмысының 
сипатына сүйене отырып анықталады. Мұғалім оқушы
-
лардың түсініктермен 
жұмыс барысында белсенділігін оятатын мате
-
риалды іріктейді, қорытынды 
сұрақтар, мәселелік міндеттер арқылы бағыт
-
бағдар береді, сабақ 
құрылымын айқындайды. Сабақ жоспарын
-
да сабақ тақырыбы мен сабақ 
өткізілетін сынып, сабақтың дидакти
-
калық міндеттері, нақтыланған 
мақсаты, материалдың қысқаша маз
-
мұны көрініс табады, оқушылардың 
танымдық әрекетін, әдістерін, оқу құралдарын ұйымдастыру формалары 
анықталады. Бұл жұмысты орындағанда бұрынғы меңгерілген тірек білімдер 
өзектендіріледі, жа
-
ңа
білімдер мен әрекет тәсілдері қалыптасады, оқытудың 
түрлі жағдай
-
лары оларды қолданудың дағдылары, оқушылардың оқу 
әрекетін
ба
-
қылау
және түзету, білмеуден білуге карай жылжуда қажет 
танымдық және практикалық
іскерлікті сабақ үстіндегі оқу
-
танымдық және 
прак
-
тикалық міндеттерді шешуде дамыту керек. Оқу жүйесінде оқушының 
келесі сабаққа дайындалуы былай анықталады:
-
оқушыларды тақырып бойынша құрылған жоспармен таныстыру;
-
оқушыларды оқулықтың жекелеген бөлімдерінен хабардар ету, 
ғылыми
және көркем әдебиет оқыту, жаңа материалды меңгертуге ықпал 
ететін пайдалы тәжірибелерді қолданып, бақылау өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет