Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет268/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

13.4.
Оқушылардың 
өзбетімен 
білім 
алуы, 
ақпараттық, 
коммуникативтік құзыреттілігі, функционалдық сауаттылығы - 
олардың белсенді танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесі.
Құзі
-
реттілік 
– 
білім беру нәтижесі.Әлеуметтік құндылықтар саласындағы басымдықтардың 
ауысуы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, оқу
-
шының білім алуға 
ұмтылысын оятып, өзіндік бақылау, өзіндік ба
-
ғалау, өзін өзі тану, өзін 
дамыту, ішкі ресурстарын толығымен пайда
-
лануға
қабілетті тұлғаның 
қалыптасуына қолайлы жағдайлардың ту
-
ғызылуын талап етуде. 
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін барынша ескеріп, оқушының өзінің 
белсенді әрекеті арқылы оқыту 
– 
бүгінгі күннің қажеттілігінен туған талап 
екендігі белгілі. Осыған орай “оқу
-
шы 
– 
білім беру обьектісі” көзқарасынан,
оқушының өз бетінше ізде
-
ніп, шығармашылықпен еңбектенуіне қол 
жеткізетін жолды таңдау ма
-
ңызды. Ол үшін оқушыға сабақ беретін мұғалім 
бойында ізденім
-
паздық, ойлай білу, белгісізге ұмтылу, алдына қойған 
мақсатына жету
-
де табандылық көрсете алатын, оқушы бойына да осы 
қасиеттерді да
-
рыта білетін, шығармашылықпен қызмет етуге дайындығын 
қалып
-
тастыра алатындай сапалардың болуы маңызды. Осы орайда жоғары 


320 
оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, 
бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан 
– 
жақты дамыған, кәсіби құзыретті 
маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды 
құбылыс, себебі жоғарыда айтылғандай қоғам өзінің әлеуметтік 
– 
экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне 
және еңбек сапасына талаптың жоғары
-
лауына байланысты өз ісін жетік 
білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді.
 
Соңғы жылдары мамандардың құзыреттілігі туралы пікірлер кәсіби 
маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдар, пе
-
дагогтар, 
психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Психологиялық
-
педагогикалық 
әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда

кәсіби шеберліктің 
қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзы
-
реттілік (компетенттілік) 
және құзырет (компетенция) ұғымдары пай
-
даланылып келеді. 
Зерттеу мәселемізді әдіснамалық тұрғыда негіздеу барысында 
болашақ мұғалімдердің кәсіби 

дидактикалық құзыреттілігін қа
-
лыптастыруға байланысты «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік» «мұ
-
ғалім
құзыреттілігі» ұғымдарына берілген әртүрлі түсініктемелердің бар екендігіне 
көзіміз жетті. 
И.А. Зимняя Дж. Равеннің еңбегіне сүйене отырып, бұл ұғым
-
ның 
мазмұны бір

біріне байланыссыз, біреулері когнитивтік, біреулері 
эмоционалдық салаға
жататын көптеген құзыреттіліктерден тұраты
-
нын 
анықтады. Бұл компоненттер тиімді тәртіп түрі ретінде бір 
– 
бірін 
ауыстыруы да мүмкін. Ол өз еңбектерінің бірінде үш топқа бірікті
-
рілген он 
негізгі құзыреттіліктерді қарастырады:
1. адамның жеке тұлғалық
іс
-
әрекет пен қарым
-
қатынас субъектісі 
ретіндегі құзыреттіліктер;
2. адамның өзара іс
-
әрекеті мен әлеуметтік саласына қатысты 
құзыреттіліктер;
3. адамның іс
-
әрекетіне қатысты құзыреттіліктер. 
Дж. Равеннің тұжырымдамасы кәсіби құзыреттілікті қалыптас
-
тырудың ішкі және сыртқы шарттарын жасау, кәсіби маман тұлғасын 
тәрбиелеу мәселелерін қарастырады. Құзыреттіліктің жетекші компо
-
ненттерін анықтай отырып, ол
адамның алдына қойған мақсатын орындауға 
көмектесетін қырыққа жуық
сипаты мен икемділігін атайды
.
Тұлғаның
жүйелі
білімі ретіндегі құзыреттілік көбінесе оның әлеуеттік 
сапасына қатысты болады. Сондықтан ЖОО бітірушісі оқу үдерісінде 
құзыреттіліктер кешенін игереді
.
Дидактикалық біліктілікті
біз мұғалімнің білім беру, оқыту қызметін 
орындаудағы, әртүрлі дидактикалық міндеттерді шешудегі түрлі әдіс 
– 
тәсілдерді меңгеруі деп қарастырамыз.
Дидактикалық құзыреттіліктің (ДҚ) нормативтік мазмұнына негізгі 
дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар (ДҚ
-
тің негізі), түйінді 
дидактикалық ұстанымдар (ДҚ
-
ядросы) және бастауыш мектептегі оқу 
– 


321 
тәрбие үдерісін дидактикалық жобалау үлгісі (ДҚ
-
салдары) енеді. 
Дидактикалық құзыреттілікке
оның жеке сипаты тән, осыған байланысты 
жеке компонент мазмұнына болашақ мұғалімнің субъективтік тәжірибесі 
болатын дидактикалық жобалау мен дидакти
-
калық білімнің игерілген 
тәсілдері енуі керек деп есептеледі

Мұндай біліктіліктерді игеру мұғалімнің әдістемелік біліктілігін жаңа 
деңгейге көтереді. Атап айтқанда: а) оқу материалының мазмұ
-
нын 
меңгеруге тиіс пәндік білім, білік және дағдылардың жиынтығы деп қана 
қарамайды, оны оқушы орындауға тиісті іс 

әрекеттің тәсілдерімен 
сәйкестендіре біледі; ә) пәндік білім мазмұнын меңгеру тәсілінің негізіне 
кіші жастағы оқушылардың психологиялық ерекше
-
ліктері және оқыту 
үдерісінің ынталандыру, оқу материалын меңгеру
-
ге белсенділік таныту, өзін 

өзі бақылау сияқты жалпы заңдылықтары жатады; б) меңгеру тәсілдерін 
таңдағанда «оқушының жақын даму аймағына» бағдарлау (Л.С.Выготский), 
әдістемелік қызметінің пәні тек қана оқыту нәтижесі емес, оқушылардың 
дамудың бір деңгейінен екінші деңгейіне өту ерекшеліктері де болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет