ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ МЕКТЕП БІЛІМІ МИНИСТРЛІГІ НИЗАМИ АТЫНДАҒЫ ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ Бөлім:Магистратура
Магистрант: Р.Базарбаева
Кафедра: Қазақ тілі және әдебиеті
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., проф. E.Б.Aбдувалитов
Оқу жылы: 2022-2023 жылы.
Мамандығы: Ана тілі және әдебиеті (Қазақ тілі және әдебиеті)
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі жаһандану дәуірінде елімізде білім беру жүйесін түбегейлі рефомалау және одан ары тереңдету, озық инновациялық технологияларды ұсыну, оқыту сапасын арттыру мәселесі мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерілді. Білім беру саласында әдебиетті оқытуда инновациялық жандасу бүгінгі күнде амалға асырылған реформалардың нәтижесі. Оқушы тұлғасының рухани дүниесі, ой-санасы мен тіл байлығын қалыптастыруда тек қана қазақ әдебиеті ғана емес, сондай-ақ, әлем әдебиетінің де өз орны мен әсері бар.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқытудың теориялық және практикалық сапасын арттыру бойынша ұсыныстар істеп шығудан тұрады.
жалпы білім беретін орта мектептерде әлем әдебиет үлгілерін оқытудың бүгінгі жай-күйі үйрену және талдау жасау;
жалпы білім беретін орта мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқытудың дидактикалық негіздерін анықтау;
жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін жанрлық тұрғыдан үйрену;
жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқытудың әдістемесін істеп шығу.
Зеттеу жұмысының нысаны мен предметі. Жалпы орта білім беретін мектепте әлем әдебиеті үлгілерін оқыту үдерісі. Ал жұмыстың предметі жалпы орта білім беретін мектепте әлем әдебиеті үлгілерін оқыту үдерісінің мазмұны, қалпы, әдіс және құралдары.