Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет475/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Теориялық көзқарастар
Бүрын байқағанымыздай, Батыс әлемі қалаға қарсылыққа толы. 
Үлкен қалаларда әділетсіздік пен жетіспеушілік, жастарды аранда- 
тушылық, денсаулықты, отбасы мен қоғамдастық байланыстарын 
бұзу басым құбылыс болып саналады. Қала түрғындары сыннан өт- 
кен, бірақ жасандылығы көп; ауыл адамдары арамдығы жоқ, жылы 
шырайлы әрі адал болып сипатталады. Қалаға қарсы осындай пікір- 
лер (Ежелгі Римнен бері осындай ой басым болып келе жатқан) өн- 
дірістік қаланың күрделі мәселелерімен бірге алғанда алғашқы әлеу- 
меттанушыларға айтарлықтай эсер еткен.


ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ УРБАНИЗАЦИЯ
425
Қалалық өмірдің адам мен қоғамға кері әсері жайлы пікірді 1938 
жылы Луи Вирт (Louis Wirth) көтерді. Вирттің тұжырымдауынша, үл- 
кен аумақ, гетерогендік және қала халқының тығыздығы күнделікті 
адамгершілік қағидаларының бұзылуына алып келеді.
Ауқымды қоғамда адамдардыц көпшілігі бір-біріне бөтен болады. 
Вирттің болжауынша, олар бастапқы байланыстарымен бұрынғыша 
қатынаста қалады, бірақ басқалармен, мысалы сатушылармен я лиф- 
тіге сыймай түрған бейтаныс адамдармен, есепшіл де үлгілі мәнерін 
ұстанып, салқын қатынасын сақтайды.
Вирттің тұжырымдауынша, қала тұрғыны түрлі шым-шытырық 
ережелермен кездескенде кез келген жағдай елеусіз өтіп кетеді. Осын- 
дай қарым-қатынас және бейресми бақылаудың болмауы, халық са- 
ныныц көптігі қылмыстық жағдайдың өршуіне, бұрыс әрекеттерге 
және ресми бақылауға аса мән беруге алып келеді.
Кейінгі зерттеушілердің қалаға деген көзқарасы жақсарды. Бүгін- 
гі таңда әлеуметтанушылар қаланы басқарылатын және танылатын 
бірнеше кішкентай әлемдердің жиынтығы деп қарастыруды ұсынды. 
Осылайша, Нью-Йоркте өмір сүретін адам 500 шаршы мильде өмір 
сүретін 9 миллион адаммен қарым-қатынас орнатуға тырыспайды. 
Оның орнына отбасынан, шағын аудан мен санаулы ұжымдасынан 
тұратын өзіндік жеке әлемді сақтайды. Сонымен қатар әлеуметта- 
нушылардың айтуынша, қалалық өмір ұсақ топтардан бастап сим- 
фониялық оркестр тыңдармандары, регби жанкүйерлері тәрізді суб- 
мәдениеттердің достығын дамытуга ықпал ететін «сыни көпшілікті» 
қамтамасыз етеді. Вирт мүндай субмәдениеттердің кейбірін қоғамдас- 
тықтың адамгершілік тұрғыда үйлесім таппағанының дәлелі деп 
түсіндіруі мүмкін еді. Бірақ оларды адамдардың бірлік пен негізгі қол- 
дау тобын таба алатын жеке әлемі ретінде де қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет