Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет103/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
9. Қажылық рәсімдерінің барлығы (тауап ету, Сафа мен 
Маруаның арасында жүгіру, құрбандық шалу және т.с.с.) 
Ибраһимнің қиссасын жаңғыртады. 
Ибраһимнің ұлдары 
Құрандағы пайғамбарлар жайлы айтылған қиссаларда Исмаил 
мен Исхақ жайлы мәлімет аз келтірілген. Аллаһ тағала кітабында 
Исмаилды:
«
(Мұхаммед!) 
Кітаптағы Исмаилды есіңе ал. Шынында, ол 
уәдесіне берік әрі жіберілген бір пайғамбар еді. Үй-ішіне 
намаз бен зекетті 
(орындауды)
бұйыратын. Сондай-ақ 
Раббының алдында разылыққа жеткен-ді»
1
, – деп бейнелеген. 
Аллаһ тағала оны уәдеге берік деп сипаттады және оның 
қасиеттерінің бірі – ол ұлдары мен қыздарының Аллаһқа ғибадат 
етуіне қатты көңіл бөлетін. Оларға намаз оқып, зекет беруді 
әрдайым ескертіп отыратын. 
Исмаил жабайы жылқыларды қолға үйреткен деген дерек бар. 
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) 
Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) 
«Жылқының 
(қыр-сырын)
 
үйреніңдер және ол 
(білімді)
мұра қылып қалдырыңдар, шын 
мәнінде, ол – әкелерің Исмаилдың мұрасы»
2
дегенін жеткізген. 
Исмаил жүз отыз жеті жасында Меккеде дүние салып, 
анасының қасына жерленген. 
Ал Исхақ туралы Аллаһ тағала:
«
(Ибраһимге) 
Исхақты және артынша Яғқубты бердік. 
Бәрін де ізгі кісілер еттік. Оларды әміріміз бойынша тура жол 
көрсететін басшы қылып, оларға жақсылық істеуді, намазды 
1
«Мәриям» сүресі, 54-55 аяттар. 
2
Хадис «Мирқат әл-мафатих шарх мишкат әл-масабих» кітабында 
келген. 


117
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет