112
Сондай-ақ Аллаһ тағала оны «өнеге» деп сипаттаған. Құранда
«Шынында, Ибраһим нағыз Аллаһқа бойсұнушы, ықыласты
бір өнеге еді. Мүшріктерден емес-ті. Оның
(Аллаһтың)
нығметтеріне шүкір ететін.
(Аллаһ)
оны таңдап, тура жолға
салды. Оған дүниеде жақсылық бердік. Сондай-ақ ол
Ақыретте де ізгілерден болады»
1
деген аяттар бар.
Ибраһим – өзінен кейінгі
келген пайғамбарлардың
барлығының атасы. Аллаһ тағала:
«Оған Исхақ пен Яғқубты бердік және оның ұрпағына
пайғамбарлық және кітап бердік. Сондай-ақ оған дүниеде
сыйын бердік және ол Ақыретте де ізгілерден болады»
2
, –
деген.
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Қиямет күні мүміндер жиналып:
«Раббымыздың алдында шапағатшы болатын біреуді іздесек»,
– деп Адамға келеді.
(Адам шапағат
ете алмайтын себебін
айтып)
: «Өзім!... Өзім!... Менен басқа біреуге барыңдар! Нұхқа
барыңдар!» – дейді. Адамдар Нұхқа келгенде,
(ол да)
: «Өзім!...
Достарыңызбен бөлісу: