Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет110/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
аналары» деп аталған. Ал Пайғамбардың (с.а.с.) өзі үмбеттің 
әкесі деп есептелген
1
.
Асылында, «Лут оларға өз қыздарын зинаға ұсынды» деп 
айтатындар пасықтыққа және қателікке ұрынады. Ұлы 
пайғамбардың бұлай етуі мүмкін емес. Сонда олар:
«Сен білесің. Қыздарыңда біздің жұмысымыз жоқ. 
Расында, сен біздің нені қалайтындығымызды жақсы 
білесің», – деді.
Лут: «Әттең! Сендерге төтеп беретін күшім болса, әлде бір 
мықты тірекке паналасам еді», – деді»
2

Оның иман келтірген қыздарынан басқа ешкімі болмады. Тіпті 
әйелі де кәпір еді. Пайғамбар (с.а.с.): 
«Аллаһ, бауырым Лутқа 
рақым етсін! Шындығында, ол мықты бір тірекке – Аллаһқа 
паналайтын еді. Аллаһ тағала одан кейінгі пайғамбарларды 
тек күш-қуатты ортамен жіберген»
, – деген
3
.
Яғни оларды қорғай алатын рулардың, беделді отбасылардың 
ішінде жіберді. Бірақ Луттың бұл тұрғыда арқа сүйер ешкімі жоқ-
ты. Аллаһ тағала басқа бір аятта: 
«Қаланың халқы қуанысып 
жетті. 
(Лут оларға)
: «Бұлар – менің қонағым. Мені масқара 
қылмаңдар. Аллаһтан қорқыңдар. Мені қорламаңдар», – деді. 
Олар: «Біз сені жұрттан тыймап па едік», – деді. 
(Лут)
: «Егер 
(айтқанымды)
істейтін болсаңдар, мыналар – қыздарым», – 
деді»
4
, – деп баяндаған. 
Аллаһ тағала: 
«
(Мұхаммед!) 
Өміріңе серт!
5
Олар, расында, 
мастықтарында дел-сал еді»
6
, – деген. 
1
Аятты Ибн Кәсир осылай түсіндірген. 
2
«Һуд» сүресі, 79-80 аяттар. 
3
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 
4
«Хижр» сүресі, 67-71 аяттар. 
5
Тәпсіршілер: «Аллаһ Мұхаммедтен (с.а.с.) басқа ешкімнің атымен ант 
ішпеген. Бұл оны құрметтеп, қадір тұтқаны үшін», – деген. 
6
«Хижр» сүресі, 70-аят. 


125


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет