Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет118/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

еді»
1

«Әміріміз келген замат Шуғайбты және онымен бірге иман 
келтіргендерді Өзімізден бір мейіріммен құтқардық. Ал 
зұлымдық қылғандарды бір ащы дауыс қолға алды да, 
жұрттарында етпеттеген бойда жоқ болды»
2
, – деген. 
Шуғайб күйзеліп, олардан бет бұрып: 
«Ей, елім! Расында, 
мен сендерге Раббымның нұсқауларын жалғастырдым әрі 
сендерге үгіт жасадым. Ал енді қарсы болған бір елге қайтіп 
қайғырамын?» – деді»
3

Сосын ол Мәдиянға қайтып оралды. Мәдиян жері сол 
қалпында сақталған болатын. Сонда өмір сүрді. Оның 
тұрғындарының көпшілігін Шуғайбқа иман келтіргендер құрады. 
Мәдиян қаласы өркендеп, адамдар қоныстана бастады. Кейін 
Мұса барған Мәдиян – осы қала. 
Шуғайбтың қиссасынан алынар өнеге-ғибраттар 
1. Шуғайбтың 
«Шамам келгенше түзетуді ғана қалаймын. 
Табысты болуым Аллаһқа ғана байланысты, Оған тәуекел 
еттім әрі Оған бойсұнамын»
деген сөзінен алынар өнеге: ешбір 
дағуатшы адамдарды иманға мәжбүрлей алмайды, қолынан бар 
келері – адамдарды түзету үшін әрекет ету ғана. Оның міндеті 
ақиқатты айту, ал жүректі иманға ашу – Аллаһ тағаланың 
еншісінде. 
2. Әл-Әйкә елінің 
«Ей, Шуғайб! Біздің аталарымыздың 
табынғанын 
тастауымызды 
немесе 
малдарымызға 
қалағанымызды істеуден тыйылуымызды саған намазың 
1
«Шұғара» сүресі, 189-аят. 
2
«Һуд» сүресі, 94-аят. 
3
«Ағраф» сүресі, 93-аят. 


134
 
 
(яғни дінің)
әмір ете ме?»
деген сөздерінен алынар өнеге: 
олардың сөздері қазіргі кейбір адамдардың «діннің мал-дүниеге 
не қатысы бар?» дегені сияқты. Сол сияқты дінді тек қана 
ғибадат, мешіт, ал саясат пен экономиканың оған ешқандай 
қатысы жоқ деп ойлайтындар жеткілікті. Олар дінді дүниеден 
бөліп қарағысы келеді. Бұл – Шуғайбтың елі ұстанған жол. Олар 
оған сауда мәселесіне араласпа, мұнда сенің шаруаң болмасын 
деп, дінді күнделікті тіршіліктерінен бөліп тастаған. Алайда, 
әсілінде, Аллаһтың шариғаты өмірдің барлық салаларын қамтып, 
тіршіліктің бағдаршамы болады. 


135


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет