Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Күдіксіз, осыда мүміндер үшін ғибрат бар»



Pdf көрінісі
бет113/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

Күдіксіз, осыда мүміндер үшін ғибрат бар»
1

«Оларға 
(тастан)
жаңбыр жаудырдық. Ескертілгендердің 
жаңбыры қандай жаман еді! Расында, мұнда бір ғибрат бар. 
Ал олардың көбісі иман келтірушілерден болмады. Рас, 
Раббың аса Үстем, өте Мейірімді»
2

«
(Аллаһ)
әл-Мутафиканы жермен-жексен етті. Сонда 
оларды 
(апат)
басқан сайын басты. Ал енді Раббыңның қай 
нығметтеріне күмән келтіресің. Бұл – әуелгі ескертулерден 
бір ескерту»
3

Аллаһтың апатына ұшырағандардың ішінде Луттың әйелі де 
болды. Өйткені ол кәпір еді. Сондай-ақ Нұхтың әйелі мен 
баласының да кәпір болғанын айтқан едік. Аллаһ тағала Құранда:
«Аллаһ кәпірлерге Нұхтың әйелі мен Луттың әйелін 
мысалға келтірді. Ол екеуі Біздің құлдарымыздан екі ізгі 
құлдың әйелі еді, ол екеуі екеуіне опасыздық етті. Сонда ол 
екеуіне Аллаһтың алдында ештеңе пайда бермеді және: 
«Екеуің кірушілермен бірге тозақ отына кіріңдер», – 
делінді»
4
, – деген. 
Осы аяттағы Аллаһ тағаланың 
«Ол екеуі екеуіне опасыздық 
етті»
деген сөзінде, тәпсіршілер бұл жердегі опасыздық ар-намыс 
мәселесі емес, иман опасыздығы екеніне келіскен. Өйткені 
пайғамбарлардың жұбайларында кәпірлік кездескенмен, ар-
намыс мәселесінде опасыздық болмаған. Бұл – пайғамбарлар 
әулетінің артықшылығы. Соның қатарында Луттың әйелі де 
күйеуіне ар-намыс тұрғысында опасыздық жасамаған, бірақ ол 
қауымына олардың бұзақылық істерінде көмектескен-ді. 
1
«Хижр» сүресі, 73-77 аяттар. 
2
«Шұғара» сүресі, 173-175 аяттар. 
3
«Нәжм» сүресі, 53-56 аяттар. 
4
«Тахрим» сүресі, 10-аят. 


128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет