19
АДАМ АТА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Адамның жаратылысы
Аллаһ тағала бүкіл адамзатты тек Өзіне ғана ғибадат етуі үшін
жаратты. Мұны Құрандағы
«Жын мен адамзатты Өзіме
құлшылық қылулары үшін ғана жараттым»
1
деген аят
нақтылайды.
Бірақ, әлбетте, әлемдердің Раббысы біздің құлшылығымызға
ешқандай да мұқтаж емес. Керісінше, біз Оған мұқтажбыз. Оның
барлық кемшіліктерден пәк көркем есімдері мен ұлы сипаттары
бар. Аллаһ тағала осы есімдерінің әсерін, мейірімділігі мен
даналығының белгілерін, құдіреті мен ұлылығының айғағын
көрсетуді қалады. Сөйтіп, Ол мейірімділігін, шексіз білімі мен
даналығын және өлшеусіз күш-құдіретін көрсету үшін
мақлұқатты жаратты. Ал құлшылық міндеті жүктелген
жаратылыстардың бірі адамзаттың атасы – Адам еді, әрі ол жер
бетіндегі алғашқы пайғамбар болатын.
Адамның тарихы оның жаратылуынан бұрын барлық
кемшіліктерден пәк Аллаһ тағала мен Оның періштелерінің
арасында болған көктегі ұлы әңгімеден басталады. Аллаһ тағала
бұл әңгімені:
Достарыңызбен бөлісу: