20
Сонда періштелер:
«Сен онда бүлдірушілік істеп, қан
төгетін біреуді жаратасың ба?»
1
– деп сұрады.
Періштелер Адамның ұрпағы бүлдірушілік жасап, қан
төгетінін қайдан білді? Олар бұл сөзді қарсы шыққандықтарынан
айтпады, олар мұндай сипаттан пәк. Бірақ олар жындар
жаратылғаннан кейінгі оқиғаның куәсі болған-ды. Аллаһ тағала
Адамды жаратудан екі мың жыл бұрын жындарды жаратып,
оларға жерде ерік берді. Сонда олар тура жолдан адасып, жер
бетінде бүлдірушілік істеді. Жындар жерде билік етуге лайық
емес еді және олардың бұған санасы да жетпейтін-ді. Оларда
жерді билейтін күш те, ақыл да жоқ. Енді Аллаһ тағала басқа бір
жаратылыс түрін жаратпақшы, мүмкін олар да жындар сияқты
бүлдірушілік істейтін шығар. Періштелер «Аллаһ тағалаға
ғибадатта кемшілік жіберіп қойдық па?» деп қорықты. Сөйтіп,
олар «бізден басқа біреуді жарататындай біз қателік істеп қойдық
па?» деп сұрамақшы болды.
«Ал, біз Сені мақтау арқылы дәріптейміз және
(кемшіліктен)
пәк деп білеміз»
2
, – деді.
Яғни Сен бізден басқаны жаратпақшысың. «Мүмкін біз Сені
мадақтап, дәріптеуде кемшілік істедік пе?» деген-ді. Демек, бұл
жердегі сұрақтың мәні екі мәселені қозғап тұр. Сен жындар
сияқты бүлдірушілік істейтін адамдар жаратасың ба? Немесе
басқа біреуді жарататындай біз кемшілік жібердік пе? Сонда
Аллаһ тағала оларға:
Достарыңызбен бөлісу: