арналады. Ол жаратылысқа қалағанын қосады. Ақиқатында, Аллаһ әрбір нәрсеге күші жетуші» 1 , – деп
баяндаған.
Пайғамбарымыздың
(с.а.с.):
«Періштелер нұрдан жаратылды. Жын оттан жаратылды. Ал Адам сендерге (Құранда)
сипатталған нәрседен жаратылды» , – дегенін Айша
анамыз (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген
2
.
Демек, періштелерден соң жындар жаратылған, ал олардың
жаратылысына негіз болған нәрсе от еді. Бұл туралы көптеген
аят-хадистер бар. «Рахман» сүресінде:
« (Аллаһ)
жынды оттың жалынынан жаратты» 3 , – делінген.
Сондай-ақ Құран Кәрімде
«Мені оттан жараттың» 4 деп
Ібілістің айтқаны баяндалады.
Бұл мәселе Құран Кәрімнің және бір жерінде:
«Жынды да бұрын түтінсіз оттан жаратқан едік» 5 , – деген аятпен бекітіле
түседі.
Ібіліс (оған Аллаһтың лағынеті болсын) жын тайпасынан еді.
Аллаһ тағала:
« (Мұхаммед!)
Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар», – деген едік. Ібілістен басқа (періштелер)
сәжде қылды. Ол (Ібіліс)
жыннан еді» 6 , – деген.
Хасан әл-Басридің пікіріне сүйенсек, «Ібіліс бір сәт те періште
болмаған».
Өйткені періштелер нұрдан жаратылды, ал Ібіліс оттан
жаратылған. Ибн Омар мен Ибн Аббас (Аллаһ оларға разы
1
«Фатыр» сүресі, 1-аят.
2
Хадисті Муслим риуаят еткен.
3
«Рахман» сүресі, 15-аят.
4
«Ағраф» сүресі, 12-аят.
5
«Хижр» сүресі, 27-аят.
6
«Кәһф» сүресі, 50-аят.