«Сонда ол қараңғылықтар ішінде: «Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен пәксің. Шын мәнінде, мен қателесушілерден болдым», – деп жалбарынды» 1 , – дейді.
Ол теңіз бен балық қарнындағы түнек ішінде жатты.
«Егер ол Аллаһты дәріптеушілерден болмағанда, қайта тірілер күнге дейін балықтың қарнында қалар еді» 2 .
Яғни Юнус сондай сын сағатта жатып та Аллаһқа тәсбих
айтумен болды.
Балық қарнындағы қапас оның елді рұқсатсыз тастап кетуінің
жазасы еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Зуннунның балық қарнында болған кезіндегі дұғасы: «Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен пәксің. Шын мәнінде, мен қателесушілерден болдым» (деген сөздер)
. Егер мұсылман осымен Раббысына дұға қылатын болса, (Аллаһ тағала)
оған күмәнсіз жауап қатады» , – деген
3
.
Бұл – қиыншылық пен зиян-зарарды және қайғы-қасіретті
жоюшы дұғалардың бірі. Сонда Аллаһ тағала оны құтқарды. Әбу
Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Аллаһ Юнусты киттің ішінде ұстауды қалаған кезде балыққа: «Оны жұт, бірақ етін жеме, сүйегін сындырма» деп уахи етті. Балық оны алып теңіздің түбіне түскен кезде Юнус бір дыбыс естіп, бұл не деп ойлайды. Сол кезде Аллаһ тағала оған: «Бұл теңіз жануарларының тәсбихы», – деп уахи етті. Сонда Юнус балықтың қарнында жатып тәсбих айтты. Оның тәсбихын естіген періштелер: «Уа, Раббымыз! Біз бір беймәлім жерден әлсіз дауыс естиміз», – дейді. Аллаһ 1
«Әнбия» сүресі, 87-аят.
2
«Саффат» сүресі, 143-144 аяттар.
3
Хадисті әт-Тирмизи, ән-Нәсәи және Ахмад жеткізген.