«
(Оған)
: «Жаннатқа кір», – делінді»
, – дейді. Ол сол сәтте
жаннатқа кірді және ондағы бақытты өмірді көрген кезде:
«Әттең! Раббымның мені кешіріп, ардақтылардан еткенін
елім білген болса еді!» – деді»
.
Кіршіксіз таза ықыласымен Аллаһ жолында өлгені үшін оның
барша күнәлары жуылды.
Сонда Аллаһ тағаланың әмірімен Жәбірейіл түсіп, бір ғана
дауыспен оларды жер бетінен жоқ етіп жіберді.
«Кейін оның
еліне көктен бір әскер түсірмедік әрі түсіруші де емеспіз. Ол
бір ғана дауыс еді. Сонда олар сөніп, жоқ болды. Өздеріне
келген елшіні ұдайы мазақ қылған құлдарға нендей өкініш!»
Міне, бұл – елшілерді жалғанға шығарған тағы бір ел
тұрғындарының ғибратқа толы қиссасы.
166
ЮНУС (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Тарих кітаптарында оның шыққан тегі толығымен баян
етілмеген. Бізге белгілісі – оның Ибраһимнің ұрпағынан шыққан
Юнус ибн Мәтта есімді кісі екендігі. Сондай-ақ ол Зуннун және
кит иесі деп те аталады. Аллаһ тағала оны Нәйнауа деген үлкен
бір елді мекенге жіберді. Ол – Ирактың солтүстігінде Маусилге
таяу жердегі мекен, Маусил мен оның арасын Тигр өзені бөліп
тұр. Ибн Кәсир өз заманында
1
Нәйнауаның қалдықтары
сақталғандығын және онда жүзі төмен қаратылған пұттар
болғандығын айтқан. Аллаһ тағала Юнусты осы Нәйнауаға елші
етіп жіберді.
«Күдіксіз Юнус елшілерден еді»
2
.
Нәйнауа тұрғындары
Олардың саны өте көп еді. Аллаһ тағала:
«Оны жүз мың не одан да көбірек бір елге жіберген едік»
3
,
– дейді.
Ғұламалар олардың саны жүз жиырма мың болғандығын
айтқан. Нәйнауалықтар Аллаһқа иман келтірмеген ел еді. Юнус
бірнеше жыл Аллаһқа шақырса да, олар күпірліктерінен
қайтпады.
Менменсіп,
шектен
шықты
және
алдыңғы
пайғамбарлар сияқты оған да зиян тигіземіз деп қоқан-лоққы
жасады. Сонда Юнус: «Сендердің үш күндік мұрсаттарың бар», –
деп ескертіп, ашуланып елін тастап кетті. Ал Аллаһ тағала оған
үш күндік мұрсатпен ескертуін бұйырып, бірақ ол жерден шығуға
рұқсат бермеген болатын. Юнус болса қауымына ескерткен соң
ренжіп өз бетінше елден кетіп қалды.
1
Ол һижраның 774-жылы дүние салған.
2
«Саффат» сүресі, 139-аят.
3
«Саффат» сүресі, 147-аят.
167
Достарыңызбен бөлісу: |