Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Раббымыз біледі. Расында, сендерге елшіміз. Бізге ашық



Pdf көрінісі
бет146/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

«Раббымыз біледі. Расында, сендерге елшіміз. Бізге ашық 
түрде жалғастыру ғана міндет», – деді». 
Бірақ елдері алдыңғы 
қауымдар сияқты:
«Сендер – бар болғаны біз тәрізді 
адамдарсыңдар. Сендерге әр-Рахман еш нәрсе жіберген жоқ. 
Өздерің мүлдем өтірік айтасыңдар», – деді»
.
Әлгі пайғамбарлар шақыруды жалғастырғанмен, олар 
қарсылықтарынан танбады. Жағдай және де шиеленісе түсіп, 
«олар: «Расында, сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер 
айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте, сендерді таспен 
атқылаймыз. Сондай-ақ, сөзсіз, бізден жантүршігерлік қинау 
көресіңдер», – деді. 
(Елшілер)
: «Сәтсіздіктерің өздеріңмен 
бірге
1
. Берілген үгітті ырым қыласыңдар ма? Олай емес. 
Сендер – шектен шыққан елсіңдер», – деді»
.
Мұнан соң жағдай тіптен ушығып, пайғамбарларды бопсалап, 
ұрып-соғу арқылы қинауға дейін жетті. Сонда бір кісі өз еліне 
жақындаған азапты сезіп, асығып келді. Тарихшылар оны Хабиб 
ән-Нәжжәр деген ізгі кісі деп көрсетеді. 
«Қала шетінен біреу 
1
Яғни өз қылықтарыңнан. 


165
 
 
жүгіріп келіп: «Ей, қауымым! Елшілерге ілесіңдер. 
Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура 
жолда. Өзімді Жаратқанға неге құлшылық қылмайын? 
Сондай-ақ сендер де Соған қайтарыласыңдар. Одан өзгені 
тәңірлер етіп алайын ба? Егер Аллаһ маған зиян келтіргісі 
келсе, олардың қолдаулары маған ешбір пайда бермейді және 
олар мені құтқара да алмайды. Сөз жоқ, онда мен анық 
адасуда боламын. Күдіксіз Раббыларыңа иман келтірдім. 
Енді маған құлақ салыңдар», – деді»

Елі оны тепкілеп, жаншып өлтірді. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі 
екеуіне разы болсын): 
«Олар оны жаныштап, кеңірдегін сыртқа 
шығарып жіберді»
, – деген. 
Аллаһ тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет