Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Расында, Сен перғауын мен оның әкімқараларына жолыңнан



Pdf көрінісі
бет176/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

Расында, Сен перғауын мен оның әкімқараларына жолыңнан 
адастырулары үшін дүние тіршілігінде зейнет пен мал-
дүниелер бердің бе? Малын жоқ ет, жүректерін қатайт! 
Жантүршігерлік азапты көргенге дейін олар иман 
келтірмейді»
, – деп дұға қылады. Осы дұғадан кейін Аллаһ 
тағала Мұсаға: 
«Екеулеріңнің тілектерің қабылданды. Ендеше, 
тура жолда болыңдар да, білмейтіндердің жолына ермеңдер»
4

– деп перғауын қауымына үлкен зұлмат жіберді. Бұл зұлмат, 
тарихшылардың 
сипаттауынша, 
перғауындықтардың 
мал-
мүліктері, дүниелері, астықтары мен азық-түліктері, жұмыртқа, 
бұршақтарына дейін тасқа айналып кеткен. Перғауын сонда да 
қаһарынан қайтпай, Исраил ұрпақтарына зорлық-зомбылығын 
одан да бетер күшейте түсті. Бұл қиыншылықтарға олар 
1
«Юнус» сүресі, 83-84 аяттар. 
2
«Ағраф» сүресі, 129-аят. 
3
«Юнус» сүресі, 85-86 аяттар. 
4
«Юнус» сүресі, 88-89 аяттар. 


197
 
 
шыдамсыздық танытып кейде: 
«Сен бізге келуден бұрын да 
және бізге келгеннен кейін де азапқа ұшырадық»
, – дейтін.
Мұса оларды бұл сөздерінен қайтарып: 
«Раббыларың 
дұшпандарыңды жойып, орнына сендерді ол жерге 
орналастыруы 
мүмкін. 
Бірақ 
сендердің 
де 
қалай 
істейтіндеріңе қарайды»
1
, – деп ескертетін. 
Исраилдіктерге көрсеткен зұлымдықтарына қарымта ретінде 
Мысыр еліне Аллаһ тағала түрлі бақытсыздықтар жібере 
бастады. Перғауын мемлекетіне зұлмат бірінің артынан бірі 
жалғасып келіп жатты. 
«Шынында, перғауын елін жылдар 
бойы қолға алдық»
2

Мысырда құрғақшылық белең алып, жер сортаңға айналды, 
аспаннан бір тамшы тамбай, Ніл өзені тартылып, елді аштық 
жайлады. Перғауын мұның бәрі Мұсадан келіп жатқанын біліп, 
оны шақырып алып: «Раббыңнан бізді бұл құрғақшылықтан 
құтқаруды сұрап дұға қылсаң, мен де исраилдіктерді 
азаптауымды доғарамын», – дейді. Мұса оның бұл ұсынысына 
келісіп, Аллаһ тағалаға дұға қылады және дұғасы қабыл болып, 
Ніл өзені суға толып, көктен жаңбыр жауды. Бірақ перғауын 
уәдесінен тайып, Исраил ұрпақтарын қайта азаптай бастады. 
Оның мұнысы үшін Құдірет Иесі оларға басқа бір тараптан 
бақытсыздық жіберді. Келесі зұлмат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет