Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет184/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

деді»
2
, – деп айтқан. 
Бұл уақыт аралығында Мұсаның орнына исраилдіктерді Һарун 
басқарып отырды. Аллаһ тағаламен қырық күн бойы ешқандай 
дәнекерсіз тікелей тілдескен Мұса осы ерекшелігі үшін 
«Кәлимуллаһ» (Аллаһпен тілдесуші) деп аталған. Аллаһ тағала: 
«Аллаһ Мұсамен тілдесу жүргізген»
3
, – деген. Аяттың 
мазмұнынан бұл тілдесудің бір реттік емес, бірнеше мәрте 
болғаны аңғарылады. Сол күндердің бірінде Мұса Аллаһтан 
дидарын көрсетуді сұрайды.
1
«Таһа» сүресі, 83-84 аяттар. 
2
«Ағраф» сүресі, 142-аят. 
3
«Ниса» сүресі, 164-аят. 


206
 
 
«Мұса уәделі мерзімімізде келіп, Раббы онымен тілдескен 
кезде: «Раббым, маған өзіңді көрсет, Сені көрейін»
, – деді. 
Дидарын көрсетуді өтінген Мұсаға Аллаһ тағала:
«Мені әсте көре алмайсың, бірақ тауға қара, егер ол 
орнында тұра алса, сен де Мені көресің»
, – деді.
Аллаһ қарауға бұйырған тау Тұр емес, басқа тау еді. Мұса 
тауға көз салып тұрды. 
«Сонда Раббы тауға көрініс берген 
сәтте, оны быт-шыт қылды»

Сол сәтте Аллаһ тағаланың нұрынан тау шашылып, күл-парша 
болып, топыраққа айналып кетті. Көз алдында кенеттен болып 
өткен бұл таңғажайып көріністен бойын үрей билеп, қорыққан 
«Мұса талып түсті. Есі кіре сала: «Сен Пәксің, Саған тәубе 
қылдым әрі мен – иман келтіргендердің алғашқысымын», – 
деді»
1

Аллаһ тағаланы көздер көре алмайды. Исра және Миғраж 
хадисінде келгеніндей, бірде Айша (Аллаһ оған разы болсын) 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.): 
«Раббыңды Миғражда көрдің бе?»
– 
деп сұрағанда: 
«Нұр ғой, қайдан көрейін»
, – деп жауап берген
2

Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) да Аллаһты көрмеген. 
Сондай-ақ тағы бір хадисте, Аллаһтың пердесі нұр делінсе, бір 
риуаяттарда от делінеді. Егер ол перде алынса, алдындағыны 
өртеп жібереді
3

Мұнан соң Аллаһ тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет