193
жүргізе аласың. Күдіксіз, біз қателіктеріміз бен сен зорлаған
сиқырымызды кешіруі үшін Раббымызға иман келтірдік.
Сондай-ақ Аллаһтың
(берері)
қайырлы әрі тұрақты»
1
, – деп
қарсы тұрды.
Сиқыршылардың
ақиқатты мойындап, иман келтіргеніне
ашуланған перғауын оларды түгелдей өлтіруге бұйрық береді.
Бұл сиқыршылар «жүгіріп келген кісіден» кейін мысырлықтардан
алғаш иман келтірген адамдар еді. Ибн Аббас (Аллаһ
әкесі
екеуіне
разы
болсын):
«Перғауынның
қауымынан
сиқыршылармен бірге үш-ақ адам иман келтірді. Олар:
перғауынның әйелі Әсия, жүгіріп келген кісі және перғауынның
отбасынан иманын жасырын ұстаған бір кісі»
, – деген.
Тамашалап тұрған көпшілік ақиқатқа көздері жетіп
мойындағандарымен, перғауынның қаһарынан
қорқып иман
келтірмеді.
Азаптың күшеюі
Перғауын өз адамдарын жинап, не
істеу керектігі жөнінде
ақылдасты. Сонда
«перғауын елінің дөкейлері: «Мұса мен елін
жер жүзінде бүліншілік қылып, өзің мен тәңірлеріңді тастауға
қоя бересің бе?» – деді»
және олардың бірі перғауынға: «Сен
исраилдіктерге азабыңды күшейт», – деп кеңес берді. Перғауын
дәл осыған әмір етіп:
«Еркектерін өлтіреміз де, әйелдерін тірі
қалдырамыз. Әрине, біз оларға өктембіз», – деді»
2
.
Аллаһ тағала бұл жайында:
Достарыңызбен бөлісу: