221
«Мұса оған: «Саған үйретілген даналықтан маған да үйретуің
үшін саған ерейін бе?» – деді. Ол: «Расында, сен менімен бірге
(жүруге)
шыдай алмайсың. Ішкі сырын толық білмейтін
нәрсеге қалай сабыр ете аласың?» – деді.
(Мұса)
: «Аллаһ
қаласа, мені сабырлы табасың. Сондай-ақ саған ешбір істе
қарсы келмеймін», – деді»
.
Сонда Қыдыр:
«Ал онда маған ілессең, өзім айтпайынша,
менен ештеңе сұрама», – деді»
. Олар осыған келісіп, Мұса
Юшағты еліне қайтарып, өздері жолға шығады.
«Сөйтіп, екеуі
жолға шықты да, кемеге түсіп,
(Қыдыр)
оны тесе бастады»
.
Ішіне су кірген кеме батуға айналды. Кемедегі балықшылар ішке
кірген суды сыртқа төгіп, әбігерге түсті. Қыдырдың бұлай
істегеніне Мұса таңырқап:
«Кемедегілерді суға батыру үшін
тестің бе? Шынында, сен айыпты іс жасадың»
, – дейді.
Қыдыр:
«Саған менімен бірге еш сабыр ете алмайсың демедім
бе?» – деді»
. Сонда Мұса Қыдырға берген уәдесі есіне түсіп:
Достарыңызбен бөлісу: