Бір күні таңертең исраилдіктер бір көсемдерінің өлтірілгенін
көреді. Оның өліміне кінәліні іздегенмен, таба алмайды. Сонан
соң Мұсаға келеді. Мұса оларға: «Егер уахи келмесе, мен біле
алмаймын», – деп жауап береді. Исраилдіктер Мұсаға: «Онда
Раббыңа дұға қыл», – деп өтінді. Ол Аллаһқа дұға қылғанда, уахи
келді, Мұса қауымына Аллаһтың әмірін жеткізіп:
«Аллаһ бір сиыр бауыздауларыңды бұйырды», – деді. Олар: «Бізді келемеж қылмақсың ба?» – деді. (Мұса)
: «Надандардан болудан Аллаһтан пана сұраймын», – деді» .
Яғни Аллаһ маған уахи еткен нәрседен басқаны айтудан
Аллаһ сақтасын.
Аллаһтың әміріне исраилдіктер бұл жолы да қиқарлық
көрсетіп, Мұсаға: «Бізді әжуалап тұрсың ба? Раббың бізге қандай
сиыр сойсын дейді, соны сұра», – деп, кез келген бір сиырды
сойып, Аллаһтың әмірін орындаудың орнына, оның түр-түсін,
сипатын сұрап, өздеріне машақат тілеп алды. Мұнан кейінгі
оқиға:
«Олар: «Раббыңа біз үшін дұға қыл, бізге оның не екенін білдірсін», – деді. (Мұса)
: «Аллаһ: «Ол сиыр кәрі де емес, жас та емес, соның арасында», – дейді. Ал енді бұйырылғанды орындаңдар», – деді. Олар: «Раббыңа біз үшін дұға қыл, бізге оның түсін білдірсін», – деді. (Мұса)
: «Аллаһ: «Ол сап-сары сиыр, оның өңі көрушілерді сүйіндіреді», – дейді», – деді. Олар тағы: «Раббыңа біз үшін дұға қыл, ол не, бізге білдірсін. Өйткені бізге сиырлар бір-біріне ұқсас секілді. Әрине, Аллаһ қаласа, тура жолда боламыз», – десті. (Мұса)
: «Расында, Аллаһ: «Ол жер жыртуға және егін суаруға жегілмеген, дені сау, бойында еш теңбілі жоқ сиыр», – дейді», – деді. Сөйтіп, олар оны бауыздады, (алайда мұны)