«Егер сол жерде (Бәйтул-Мақдисте)
болсам, сендерге жол жиегіндегі қызыл құм шоғырынан (Мұсаның)
қабірін көрсетер едім» , – дегенін жеткізген
1
.
Мұсаның Аллаһ тағалаға қойған сауалдарынан Пайғамбарымыздан (с.а.с.) келіп жеткен хадисте:
«Мұса Раббысынан: «Дәрежесі ең төмен жаннаттық кім?» – деп сұраған. Аллаһ тағала: «Ол – жаннаттықтар жаннатқа кіріп болғаннан кейін келген бір кісі. Оған: «Жаннатқа кір», – делінеді. Сонда ол: «Жаннатқа қалай кіремін?! Адамдар орындарын иемденіп, тиесілерін алып қойды ғой», – дейді. 1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген.
226
Оған: «Жаннатта өзіңе дүниедегі патшалардың бірінде болған нәрсенің болуын қалайсың ба?» – делінеді. Ол: «Иә, уа, Раббым», – дейді. Оған: «Саған осы және тағы да сол сияқты», – делінеді. Ол: «Уа, Раббым, разымын», – дейді. Оған: «Саған осы және он есе сол сияқты», – делінеді. Ол: «Уа, Раббым, разымын», – дейді. Оған: «Саған осымен бірге көңілің тартқан және көзің қызыққан нәрселер», – делінеді», – деп жауап қайтарған. Мұса Раббысынан тағы: «Дәрежесі ең жоғары жаннаттық кім?» – деп сұрады. Сонда Аллаһ тағала: «Саған олар жайлы әңгімелеп беремін: Мен олардың қадір- қасиетін Өз қолыммен егіп, оны аяғына жеткіздім. Оны көз көрмеген, құлақ естімеген және ол адамзат көкейіне келмеген», – деп жауап берді. Аллаһ тағаланың кітабында да осы мағына қуатталған: