Сонда жаннаттан бір есік ашылып, (Мұса)
оған назар салды. (Аллаһ тағала)
: «Ей, Мұса! Бұл – Менің оған дайындағаным», – деді. Мұса: «Уа, Раббым! Құрметің мен ұлылығың хақы. Егер (мүмін)
жаратқан кезіңнен Қиямет күніне дейін екі қолсыз, екі аяқсыз бетімен жер сырған болса да, барар жері осы болса, еш бақытсыздық көрмейді», – деді. Сосын (Мұса)
: «Уа, Раббым! Кәпір пендеңе дүниеде кеңшілік берілген», – деді. Сонда тозақтан бір есік ашылып, (Аллаһ тағала)
: «Ей, Мұса! Бұл – Менің оған дайындағаным», – деді. (Мұса)
: «Уа, Раббым! Құрметің мен ұлылығың хақы. Егер (кәпір)
жаратқан кезіңнен Қиямет күніне дейін дүниеге ие болса да, барар жері осы болса, еш игілік көрмейді», – деді» 2 ;
«Мұса: «Уа, Раббым! Сені зікір етіп, Өзіңе дұға қылатын бір нәрсе үйрет», – деген. (Аллаһ тағала)
: «Ей, Мұса! «Аллаһтан өзге құдай жоқ» деп айт», – дейді. (Мұса)
: «Уа, Раббым! Пенделеріңнің бәрі осыны айтады», – деді. (Аллаһ
тағала тағы да)
: «Аллаһтан өзге құдай жоқ» деп айт», – дейді. (Мұса)
: «Мен өзіме ғана арналған бір нәрсе қалаймын», – деді. (Сонда Аллаһ тағала)
: «Ей, Мұса! Жеті қат көктер мен жерлердің тұрғындары таразының бір басында тұрып, екінші басына «Аллаһтан өзге құдай жоқ» (деген сөз)
қойылса, «Аллаһтан өзге құдай жоқ» (деген сөз)
басып кетер еді», –