263
ҒҰЗАЙЫР (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Сүлеймен
дүние
салғаннан
кейін
де
исраилдіктер
Палестинаны мекендеді. Дегенмен олар Аллаһтың шынайы
дінінен тым алыстап кеткен-ді. Қолдарындағы Тәурат жоғалып,
ұмыт болған еді. Иманнан алыстап бара жатқан оларға Аллаһ
тағала Ғұзайыр есімді пайғамбарды жіберді. Аллаһ тағала
Ғұзайырға бір ауылға баруды бұйырды. Барса ауыл ел-жұртсыз,
ойран болған. Өзінің қаңыраған бір ауылға жіберілгеніне
таңғалып: «Аллаһ тағала енді бұл өлі мекенге қалай тіршілік
береді екен?!...» – деп күтіп тұрады. Сол кезде Аллаһ тағала оны
жүз жылға өлтірді.
«Әлде сондай төбелері астына келіп құлаған бір ауылдан
Достарыңызбен бөлісу: