273
ИСА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Исаның дүниеге келуі
Мәриям Зәкәрияның тәрбиесінде бойжетіп, Бәйтул-Мақдистің
шығыс жағынан оңаша бір орын алып, барған сайын Аллаһ
тағалаға деген ғибадатқа тереңдей берді. Осындай пәк
құлшылық-ғибадатпен Мәриямның он бес жыл өмірі өтеді. Осы
он бес жасында оның өмірінде бір ұлы оқиға болды.
Бұл оқиға пайғамбарлардың ұлы бестігінің ішіне кіретін
Аллаһ елшісі Исаның дүниеге келуі еді. Бұл ұлы қиссаны Аллаһ
тағала біздерге Қияметке дейін мәңгілік үлгі етіп қалдыру үшін
Өзінің ұлы кітабының «Мәриям» сүресінде баяндаған.
Бір күні Аллаһтың бұйрығымен Мәриямның алдына адам
бейнесіндегі Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) келді. Оның періште
екенінен Мәриям бейхабар еді. Үстіне бейсауат кіріп келген ер
адамнан сескеніп қалған Мәриям:
–
Егер сен тақуа болсаң, сенен Рахманнан пана сұраймын
,
– деді.
Өйткені Мәриямның бөлмесіне ұстазы Зәкәрия мен оны-мұны
қызметін атқаратын немере ағасы Юсуф Нажжардан басқа ешкім
бас сұқпайтын.
Сол кезде Жәбірейіл (аләйһис-сәләм):
–
Мен – сенің Раббыңның елшісімін, саған бір пәк бала
беру үшін келдім
, – деді.
Оның бұл айтқанына Мәриям таңғалып:
–
Мен еркекке жақындаспасам, не әлдебір бұзықтық
істемесем, менде бала қайдан болсын?!
– деп жауап қатты.
Сонда Жәбірейіл:
–
Достарыңызбен бөлісу: