Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


алдыңғы пайғамбарлар мен ізгілердің



Pdf көрінісі
бет248/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

алдыңғы пайғамбарлар мен ізгілердің 
есімдерін қоятын»
, – деген
2

Мәриям оларға ешқандай жауап қатпай, қолындағы сәбиді 
меңзеді. Адамдар: 
«Біз құндақтағы кішкентай нәрестемен 
қалай сөйлесеміз?»
дегенде, нәресте тілге келіп:
«Расында, мен – Аллаһтың құлымын. Ол маған Кітап 
берді және мені пайғамбар етті. Ол мені қайда болсам да 
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 
2
Хадисті Муслим, ән-Нәсәи, әт-Тирмизи және Ахмад жеткізген. 


276
 
 
құтты қылып, тірі жүргенімде намаз бен зекетті өсиет етті. 
(Сондай-ақ мені)
 анама мейірімді етіп, зорлықшыл, бақытсыз 
қылмады. Маған туылған күнімде, өлер күнімде және қайта 
тірілер күнімде 
(Аллаһтан)
 амандық болсын»
1
, – деді. 
Міне, Аллаһтың мұғжизасы! Жөргектегі нәресте ақида, иман, 
ғибадат, әдеп мәселелерінде теңдессіз сөздер айтты. Көпшілік 
алдында нәресте осы сөздерді айтқаннан кейін бұған біреулер 
сенді, ал біреулер сенбей, «Бұл – сиқыр шығар» деп күмән 
келтірді. Ал яһудилер Мәриямға мүлдем сенбей, оны салдақы 
деп, ал оның ұлы Исаны салдақының баласы деп атайтын болды. 
Олардың бұл қателіктерін әшкерелеп, Аллаһ тағала:
«Олар қарсы шығулары әрі Мәриямға зор жала 
жапсырған 
сөздері 
себепті 
(Аллаһтың 
лағынетіне 
ұшыраушылар)
»
2
, – деген. 
Исаның балалық шағы 
Иса Бәйтул-Лахм деген жерде дүниеге келген еді. Ол нәресте 
кезінде сөйлегенімен, кейін бала сөйлейтін жасқа келгенше 
сөйлемеген делінген. Бала кезінен-ақ оның бойында мұғжизалар 
бой көрсеткен, ал яһудилер болса бұл баладан шындап сескенді. 
Бұл сескеністің басты себебі – Иса ержеткеннен соң, өздерінің 
пасық іс-әрекеттерінің әшкерелеуінен қорыққан-ды. Ұлының 
амандығына алаңдаған Мәриям көбіне яһудилердің дұшпандық 
әрекеттерге баруынан сескеніп, мүмкіндігінше қалада болмауға 
тырысты. Сондықтан Бәйтул-Мақдистің маңындағы бір төбені 
мекен етті. Олар мекен еткен төбе Құранда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет