Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


, – деген.  «Раббылары оларға: «Сендерді бұл ағаштан қайтармадым



Pdf көрінісі
бет26/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

1
, – деген
«Раббылары оларға: «Сендерді бұл ағаштан қайтармадым 
ба әрі шайтан сендерге анық дұшпан деп айтпадым ба?» – деп 
үндеді»
2

Олар сол кезде Ібіліс сияқты қасарысып тұрып алмай, 
күнәларын мойындап: 
«Раббымыз! Біз өзімізге әділетсіздік 
істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға 
ұшырағандардан боламыз»
3
, – деді. 
Дегенмен Аллаһ тағала екеуіне ашуланды. Сонда үлкен 
бұйрық келді. Аллаһ тағала оларға (Адам, Хауа және Ібіліске):
«
(Жаннаттан)
төмен түсіңдер, сендер біріңе-бірің жаусың. 
Жерде сендерге бір уақытқа дейін тұрақ жай және пайдалану 
(сынақ өмірі)
бар.
(Адам және Хауа)
сендер ол жерде өмір 
сүресіңдер әрі ол жерде өлесіңдер және ол жерден қайта 
шығарыласыңдар»
4
, – деді. 
Адамның жердегі өмірі 
Адам күнә істегеннен кейін Раббысынан сөздер үйреніп, Оған 
сол сөздер арқылы тәубе қылды. Аллаһ тағала құлының тәубесін 
қабыл етіп, оны тура жолға салды. Өйткені Адам өз күнәсында 
тоңмойындық танытпаған болатын. Ал Ібіліс болса Аллаһ тағала: 
«Не үшін сәжде қылмадың?» – дегенде, қасарысып жауап 
қайтарды. Алайда Адамға: «Неге (Менің әміріме) қарсы 
шықтың?» – деп айтқанда, ол әйелі екеуі: «
Раббымыз! Біз 
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 
2
«Ағраф» сүресі, 22-аят. 
3
«Ағраф» сүресі, 23-аят. 
4
«Ағраф» сүресі, 24-25 аяттар. 


32
 
 
өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым 
етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз
»
1
, – деді. 
Күнәсінің жазасы ретінде олар жұмақтан шығарылды. Сөйтіп, 
Адам мен Хауа жерге түсірілді. Олармен бірге жерге Ібіліс те 
түсті. 
Адам ата мен Хауа ана жер бетінде ұзақ та баянды ғұмыр 
кешті. Олар мың жыл бірге өмір сүрген. Аллаһ тағала ол екеуінен 
көптеген ерлер мен әйелдерді таратты. Олардың бала-шағасы, 
ұрпағы көп болды. Көне еврей жазбаларында: «Адам ата 
ұрпақтарының саны төрт жүз мыңға жеткен», – деп айтылады. 
Бұл туралы Құранда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет