Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


ақиқатпен оқы: «Сол уақытта екеуі



Pdf көрінісі
бет29/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

ақиқатпен оқы: «Сол уақытта екеуі 
(Аллаһқа жақындық үшін)
 
құрбандық ұсынған еді. Сонда біреуінен қабылданып, 
екіншісінен қабылданбады». 
(Құрбандығы қабыл болмаған 


35
 
 
Қабыл)
: «Мен сені өлтіремін», – деді. Сонда 
(Әбіл)
: «Аллаһ, 
расында, тақуалардан ғана 
(құрбандық)
қабыл алады. Сен 
мені өлтіруге қол созсаң да, мен сені өлтіру үшін қол 
созбаймын. Мен әлемдердің Раббысы Аллаһтан қорқамын 
және мен сенің өз күнәңнің үстіне менің күнәмді жүктеп, 
тозақтық болуыңды қалаймын. Залымдардың жазасы осы», – 
деді. Сонда оның нәпсісі бауырын өлтіруге итермеледі де, ол 
оны өлтіріп, зиян шегушілерден болды. 
(Сол кезде)
Аллаһ 
оған бауырының өлігін жасыруды көрсету үшін жер қазған 
қарғаны жіберді. 
(Сонда Қабыл)
: «Сорым құрысын! 
Бауырымның денесін көмуде осы қарға құрлы бола алмадым 
ба?» – деп, өкінушілерден болды»
1
, – деп баяндайды. 
Сағд ибн Әбу Уаққастан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят 
етіледі; Осман ибн Аффанның (Аллаһ оған разы болсын) тұсында 
орын алған бүлік кезінде Сағд: 
«Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): 
«Шынында, бір бүлік болады. Сол кезде отырған кісі әрекет 
етушіден жақсырақ...»
, – деп айтқанына куәмін. Сонда одан: 
«Егер 
(біреу)
 үйіме кіріп, мені өлтіру үшін қол созса ше?» – деп 
сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): 
«Адамның ұлы сияқты
2
бол!»
3
– 
деді»
, – деген
4

Басқа риуаятта: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет