ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №4 (118), 2020
ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
191
ӘОЖ 81.23; МҒТАР 16.21.27
https://doi.org/10.47526/2020/2664-0686.047
Х.А. ОРДАБЕКОВА
*
филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Сулейман Демирель атындағы университет
(Қазақстан, Алматы қ.), е-mail: khafiza.ordabekova@sdu.edu.kz
https://orcid.org/0000-0002-8232-6236
САЯСИ ДИСКУРСТАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Мақалада мәтін және дискурс ұғымдарының өзара арақатынасы мен ерекшеліктері
қарастырыла келіп, саяси дискурс мәселесі жан-жақты талданады. Саяси дискурс немесе
саяси коммуникация институционалды ортада жүзеге асатыны сөзсіз. Тіл мен саясат – бір-
бірімен тығыз байланысты құбылыс. Тіл тек қана қарым-қатынас жасау құралы ғана емес,
белгілі бір саяси идеологияны қалыптастырудың, оны жүзеге асырудың құралы. Саяси
дискурстың негізгі тірегі ретінде идеологияны ала отырып, саяси мәтіндерге тілдік талдау
жасалады. Тілдік талдау негізіне саяси мәтіндердегі қоғамдық-саяси лексика мен
фразеологиялық жүйе алынады. Фразеологизмдер саяси дискурсқа қажетті барлық
сипаттамаларға ие, дәлірек айтқанда, белгілі бір ойды нақты, анық әрі экспрессивті түрде
жеткізеді, саясаткер тарапынан қолданылған фразеологиялық бірліктер ақпаратты
қабылдаушылардың санасында ұзағырақ сақталуына әсер етіп, сол арқылы өміршеңдік сипат
алады, халыққа саясаткерді бір табан болса да жақындата түседі. Сонымен қатар саясат
тілінің қоғаммен бірге үнемі даму үстінде болатындығы неофразеологиялық
қолданыстардың пайда болуына әсер етеді. Кез келген тілдік бірліктің құрамы мен
құрылымының жаңа болуы адамның қызығушылығын тудырады, сонымен адресаттың ой-
санасына тиімді әсер етуге көмектеседі. Фразеологиялық жүйенің түрлі сөйлеу актілеріндегі,
атап айтқанда, локативті, иллокативті және перлокативті сөйлеу актісіндегі қолданысы мен
функционалды сипаты қарастырылып, нақты тілдік фактілер негізінде дәйектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |