Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


келтірді. Сосын Дәуіттің өмір жасын жүзге, Адамның өмір



Pdf көрінісі
бет32/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

келтірді. Сосын Дәуіттің өмір жасын жүзге, Адамның өмір 
жасын мыңға толтырды»
, – деген
1

Адам қателесті, ұмытты және мойындамады. Бірақ ол мұны 
қасақана істеген жоқ, расында да, ұмытып қалған-ды. Бертін келе 
бұл 
адамзаттың 
табиғи 
болмысына 
айналды. 
Олар 
мойындамайды. Бірақ көбінесе ұмытулары себепті тайқиды. Олар 
қателікке жол беріп алады, әсілінде бұл да ұмытшақтықтан.
Ибн Зумра әс-Сағди: «Мен Мәдинада сөйлеп тұрған бір 
шейхты көрдім. Ол туралы (адамдардан) сұрадым. Олар: «Бұл – 
Убай ибн Кағб»
2
, – деді. Сонда ол (Убай): 
«Адам өлім төсегінде 
жатқан уақытта балаларына: «Менің жаннат жемістерін 
жегім келеді», – деген»
, – деді», – деп риуаят еткен.
Жаннатта жер бетіндегідей алма, анар, жүзім сияқты 
жемістердің барлығы да бар. Бірақ айырмашылығы бұл дүние 
жемістері уақыты өтсе, шіріп, жеуге жарамсыз болып қалады. Ал 
жаннатта олай емес. Сондай-ақ бұл дүние жемістерінің дәмі 
1
Хадисті Ахмад жеткізген. 
2
Убай ибн Кағб (Аллаһ оған разы болсын) – ғұлама сахабалардың әрі 
Құран мен тәпсір ілімінің білгірлерінің бірі. 


38
 
 
қарапайым, ал жаннаттағы жемістердің дәмі мүлдем өзгеше 
шырынды. Адам жаннаттағы сияқты жеміс жеуді қалады.
Убай ибн Кағб (Аллаһ оған разы болсын): 
«Олар жеміс іздеп 
кетті. Бірақ оларға 
(адам кейпінде)
қолдарында кебін, иіссу 
сияқты жерлеу құралдары мен мәйітті арулау заттары бар 
періштелер жолықты. Олар: «Ей, Адамның балалары! Не 
қалайсыңдар, не іздеп жүрсіңдер?» – деп сұрады. 
(Адамның 
балалары)
: «Әкеміз науқас еді. Оның жаннат жемістерінен 
жегісі келеді», – деді. Періштелер: «Арттарыңа қайтыңдар! 
Әкелеріңнің ажалы жетті», – деді. Періштелер келген кезде 
Хауа оларды танып, Адамға жабысты
1
. Сонда Адам Хауаға: 
 «Маған жақындама! Өйткені мен 
(Ібілістің азғыруына)
 сенің 
ықпалыңмен берілген едім
2
. Енді мені мен Раббымның 
періштелерінің арасына килікпе!» – деді. Сонда өлім періштесі 
Адамның жанын алды. Періштелер оны жуып, кебіндеп, 
жерледі. Олар Адамды жерлеуден бұрын оған жаназа намазын 
оқыды. Сосын оны қабірге қойып, бетін топырақпен жапты. 
Содан кейін Адамның балаларына:
«Ей, Адам балалары! Бұл – сендердің дәстүрлерің», – деді»
, – 
деп айтқан
3
.
Олар қалай жерлеуді білмейтін еді, Қабылдың Әбілді қалай 
көмгенін де көрмеген болатын.
Сонымен, мың жыл өмірін түгелдей Ұлы Аллаһқа бойсұнумен 
өткізген Адам дүние салды. Өз өмірінде ешқашан Аллаһтың 
әміріне қарсы шықпады. Ол тек жаннаттағы тыйым салынған 
ағаштың жемісінен жеген кезде ғана күнә істеген болатын. Ал 
қалған өмірінің барлығы ұрпақтары үшін үлгі-өнегеге толы 
болды. Содан бір жыл өткеннен кейін Хауа ана да дүние салды. 
1
Яғни оның өлгенін қаламады. 
2
Сол ағаштың жемісінен жеуге мені итермелеген сен едің. 
3
Хадисті Ахмад жеткізген. 


39


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет