42
ШИС (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Адам дүние салар алдында пайғамбарлықты Шиске тапсырды.
Шис Адамның (аләйһис-сәләм) Әбілдің өлімінен кейін көрген
ұлы болатын. Өйткені Адам ұлы Әбілден айырылған кезде қатты
қайғырған еді. «Шис» сөзінің мағынасы – Аллаһтың сыйы,
нығметі дегенді білдіреді.
Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын):
«Пайғамбар (с.а.с.):
«Аллаһ жүз төрт жазба түсірді. Содан елу жазбаны Шиске
түсірген»
, – деді»
, – деген
1
.
Ол жазбалар адамзаттың өмірін ретке келтіретін қағидалар
мен шариғаттық заңдарды қамтыды. Өйткені адамзаттың
бастапқы кезеңдегі өмірі реттеуді қажет етті.
Адам Шиске өз білімінің басым бөлігін үйретті. Бірақ ол
Адамның білімін толығымен игере алмады. Өйткені Адам тікелей
Аллаһ тағаладан тәлім алған. Шис Адамнан білім алған, көп
нәрсе үйренген, ғұлама кісі еді. Ол адамдарға өркениет пен
өнеркәсіпті, күн мен түнді өлшеуді үйретті. Ибн Исхақ: «Шис
оларға күн мен түнді өлшеуді үйретті және сол уақыттарда қалай
ғибадат жасауды көрсетті», – деген.
Сонымен, Адам өмірден өткеннен кейін билік пен
пайғамбарлықты оның ұлы Шис қолына алды. Ол жер бетінде
әділ, ізгі үкім жүргізді. Алайда далалық жерде Қабылдың
қауымының арасында түрлі бұзақылық жайттар орын алған еді.
Қылмыстар артып, кісі өлтіру көбейген-ді. Олар өздері жаққа аяқ
басқан Адамның басқа ұлдарын өлтіре бастады.
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Аллаһ
тағаланың
Достарыңызбен бөлісу: