Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Саған кейбір тәңірлеріміздің киесі тиген екен деп қана



Pdf көрінісі
бет58/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

Саған кейбір тәңірлеріміздің киесі тиген екен деп қана 
айтамыз»
4
, – деді.
Яғни «сен пұттарға қарсы шыққаның үшін олардың бірі сені 
ауру етіп қойды» деді.
1
«Ағраф» сүресі, 65-аят. 
2
«Һуд» сүресі, 50-52 аяттар. 
3
«Шұғара» сүресі, 131-135 аяттар. 
4
«Һуд» сүресі, 53-54 аяттар. 


67
 
 
Сондай-ақ: 
«Елінің қарсы болған тобы: «Әрине, біз сені 
есуас көреміз және сені анық өтірікшілерден деп ойлаймыз», 
– деді»
1
;
«Елінің қарсы болған, ақыретті жалғанға шығарған, 
сондай-ақ Біз өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген 
бастықтары: «Бұл – өздерің сияқты бір адам ғана. 
Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді. Егер өздерің сияқты 
адамға бойсұнсаңдар, рас, сендер сол уақытта зиянға 
ұшырайсыңдар. Сендерге өліп, топырақ және сүйек болғанда, 
тіріліп шығатындарыңды ескерте ме? Сендерге бұл 
ескертілген нәрсе ұзақ, тым ұзақ! Дүниедегі тіршілігіміз ғана 
– тіршілік. Кейбіріміз өлеміз, кейбіріміз өмір сүреміз де, қайта 
тірілмейміз. Ол – Аллаһқа өтірік жала жапқан адам. Біз оған 
сенбейміз»
2
, – деді. 
Осыған қарамастан Һуд оларды Аллаһтың жолына шақыра 
берді. Сонда олар: 
«Сен уағыздасаң да, уағыздамасаң да, бізге 
бәрібір. Бұл – бұрынғылардың салты
3
. Біз азапқа душар 
болмаймыз»
4
, – деп тәкаппарланды. 
Сөйтіп, олар қарсыласып тұрып алды. Сонда Һуд оларды 
шақырып:
«Расында, мен Аллаһты куә етемін, сендер де куә 
болыңдар. Мен сендердің Аллаһқа қосқан серіктеріңнен 
аулақпын. Маған Аллаһтан басқа бәрің қулық қылыңдар да, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет