Олар: «Ақиқатында, біз онымен жіберілгенге иман келтіреміз», – деді. Өздерін жоғары санағандар: «Ал, біз сендер иман келтіргенге сенбейміз», – деді» 1 .
Яғни сендер иман келтірген нәрселердің барлығын жоққа
шығарамыз.
Бірақ Салих пайғамбар қауымын тура жолға шақыруды бір
сәтке де доғармады. Мұның соңы оны елінің қуғынға
ұшыратуына әкеліп соқты. Сонда олар:
«Біз сені және сенімен бірге болғандарды кесірлі деп санаймыз» 2 , – деді.
Яғни «біздің сені көргіміз келмейді. Сен басымызға пәле
болдың. Бізден аулақ жүр» деді. Сонда Салих:
«Кесір деп санағандарың Аллаһтан. Негізінде сендер сынақ етіліп жатқан елсіңдер» 3 , – деді.
Сонымен, олардың арасындағы жағдай ашық дұшпандыққа
айналды. Олар Салихпен әңгімелесуден бас тартып, оны
жамандық әкеледі деп есептеді. Ал Салих елін күтіп тұрған
азаппен қорқытты. Оларға:
«Ей, халқым! Айтыңдаршы, егер мен Раббымнан анық дәлелде болсам және Ол Өзінен маған бір мейірім еткен болса да, мен Оған қарсы келсем, сонда Аллаһтан мені кім қорғайды? Сонда сендер маған зияннан басқаны арттырмайсыңдар» 4 , – деді.
Яғни ойланыңдаршы, мен – хақ пайғамбармын. Ал сендер
мені күнә істеуге итермелейсіңдер. Егер мен Оған қарсы шықсам,
онда мен де, сендер де – барлығымыз зиян көреміз.
Сонда олар оған қарсы шығып:
1
«Ағраф» сүресі, 75-76 аяттар.
2
«Нәмл» сүресі, 47-аят.
3
«Нәмл» сүресі, 47-аят.
4
«Һуд» сүресі, 63-аят.
75
«Сен – біз тәрізді адам ғанасың. Егер шыншылдардан болсаң, бір белгі әкел» 1 , – деп айтты.