97
оларды алып, Меккеге сапар шекті. Ибраһим жеке өзі болғанда
сапарға пырақпен
1
аттанатын. Ал жалғыз болмаса, әдеттегідей
жол жүріп, сапар шегетін. Сондықтан олар Мекке топырағына
кәдімгі жаяу жолаушының жүрісімен жол тартса керек...
Бірақ Ибраһим Ажар мен Исмаилды зиярат жасағанда
пырақпен келіп-кететін.
Сонымен, олар Меккенің елсіз, сусыз жазығына жетті.
Ибраһим Ажар мен баласын сонда тастап, оларға бір ыдыста
құрма, бір ыдыста су қалдырып, өзі кері қайтты. Ажар
Ибраһимнің артынан жүгіріп: «Ей, Ибраһим! Қайда барасың?..
Бізді қайда қалдырып бара жатырсың?!.. Мұнда адам баласы,
дәнеңе жоқ қой?!..» – деді. Ол артына қарамай жүре берді. Ал
Ажар артынан жүріп, бірнеше рет оның аялдауын өтінді.
Ибраһим бұрылмады. Сонда Ажар оған: «Мұны саған Аллаһ
бұйырды ма?» – деді. Ол: «Иә», – деді. Сонда Ажар: «Олай болса,
Ол бізді өлтірмейді», – деді.
Сонымен, Ажар анамыз қалды да, Ибраһим кері қайтты.
Ибраһим олар көрмейтіндей бір айналмаға жеткенде, Қағба жаққа
қарап, қолын көтеріп, Аллаһқа жалбарып:
Достарыңызбен бөлісу: