Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет88/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
Бірде Ажар дүние салғаннан кейін Ибраһим ұлын көруге келеді. 
Бұл кезде Исмаил журһумдіктердің бір қызына үйленген-ді. 
Баласының үйіне келсе, ол жоқ екен. Келінінен жағдайларын 
сұрайды. Келіні оған: «Таршылықта, қиындықта өмір сүріп 
жатырмыз», – деп шағымданады. Ибраһим оған: «Егер күйеуің 
келсе, оған сәлем жолдап, мынаны айт: «Есігінің табалдырығын 
өзгертсін», – дейді. Ұзамай үйіне оралған Исмаил бірдеңені сезіп 
әйеліне: «Сендерге біреу келді ме?» – дейді. Әйелі: «Иә, бір қария 
келді. Сені сұрады, жағдайымызды білді. Мен таршылықта, 
қиындықта күн кешіп жатқанымды айттым», – деп Ибраһимді 
сипаттап береді. «Саған бір өсиет айтты ма?» – дейді Исмаил. 
Әйелі: «Иә, саған сәлем жолдауымды және есігіңнің 
табалдырығын өзгертуді айтуымды сұрады», – деді. Сонда 
Исмаил әйеліне: «Ол – менің әкем. Маған сенімен ажырасуды 
тапсырыпты. Сен төркініңе қайт», – дейді. Сонымен, ол онымен 
ажырасып, басқа әйелге үйленеді. Бұдан кейін Ибраһим тағы да 
келіп, Исмаилды үйінен таппайды. Келінінен жағдайларын
күнкөрістерін сұрайды. Ол жағдайларының жақсы екенін айтып, 
Аллаһты мадақтайды. «Тағамдарың не?» – деп сұрайды Ибраһим. 
Келіні: «Ет», – деп жауап береді. «Сусындарың не?» – дегенде, 
келіні: «Су», – дейді. Ибраһим «Аллаһым! Оларға ет пен суда 
береке бер» деп дұға қылады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Сол күндері оларда дәнді дақыл 
жоқ болатын. Егер оларда дәнді дақыл болғанда, сол үшін 
оларға дұға қылар еді. Меккенің көзінде ешкім ол екеуінсіз 
(ет 
пен сусыз)
 қалмайды»
, – деп айтқан
1
.
Сосын Ибраһим келініне: «Егер күйеуің келсе, оған сәлем айт 
және есігінің табалдырығын бекітуді тапсырды дерсің», – деп 
жүріп кетеді. Ұзамай Исмаил келіп: «Сендерге біреу келді ме?» – 
деп сұрайды. Әйелі: «Иә, бір келбетті қария келді. Сені және 
жағдайымызды сұрады. «Жағдайымыз жақсы» деп айттым», – 
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 


101


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет