жүргенін көріп: «Біз бұл жерді білеміз ғой, мұнда су жоқ сияқты
еді, мұнда неге құстар ұшып жүр?» – деп, бір кісіні төңіректі
шолуға жібереді. Ол барып иен далада шығып жатқан суды
байқап, руластарына хабар береді. Олар келген кезде баласын
қолына алған бір әйелдің суды қолымен көсіп, бір жағынан оның
құмға сіңіп кетуінен қорқып абдырап: «зәм-зәм, зәм-зәм...»
(жинал-жинал,
жинал-жинал...)
деп
отырғанын
көреді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Егер ол (Ажар)
оны (бұлақты)
жайына қалдырғанда, ол (бұлақ)
ағын өзен болар еді» , – деген
1
.
Бірақ ана жүрегі баласының жаны сақталып қалған судың
құмға сіңіп кетуінен қорқып «зәм-зәм» (жинал-жинал) деп
тоқтатқан-ды. Қияметке дейін Аллаһтың керемет мұғжизасын
айғақтап тұрушы бұлақ осылай «Зәмзәм» суы деп аталды.
Журһум тайпасының адамдары бұлақтың иесі ретінде Ажарға
ілтипатпен: «Сен рұқсат берсең, біз осында тоқтап, мына судан
пайдаланғанымыз үшін саған белгілі бір мөлшерде ақы төлеп
тұрайық», – дейді. Ажар бұл ұсынысты мақұл көріп, келіседі.
Уақыт өте келе бұл бұлақ (Зәмзәм) Ажар анамыз бен ұлы
Исмаилдің күнделікті күнкөріс көзіне айналды.
Осылай журһум тайпасы Меккеге қоныстанды. Исмаил
журһумдіктердің арасында өсті, олардан әдеби араб тілін үйреніп,
оны шебер меңгерді. Сөйтіп, оның ұрпағынан «мустағриб»
(арабтанған)
арабтар
тарады.
Мустағриб
арабтардан
Пайғамбарымыз (с.а.с.) шықты. Негізінде, бұл оқиғалар Ажар
мен баласын тастап бара жатқандағы Ибраһимнің тілеген
дұғасының жауабы еді.
Ибраһим мен келіндері Күндер өтті. Исмаил журһум тайпасының арасында өсіп, жігіт
болды. Ибраһим жылына бірнеше рет баласымен жүздесіп тұрды.
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген.