Рух – санасы бар ақырғы туынды, тіршілік иесі, яғни
адам бо-
лып табылады. Табиғаттан шықса да, ол оның жаратқаны болмайды.
Өзін Рух өзінің бастапқы алғышарттарынан: қисынды Идеядан және
Табиғаттан жаратады.
Сөйтіп, Дара идея
қисынды идеяның бастапқы ахуалынан өзінің
басқа болмысына –
табиғатқа өтеді де, соның аясында адамзаттың
әлемдік тарихында
рухтың дамуы арқылы, – бірақ енді өткен
баспалдақтарының тәжірибесін жинақтап байыған күйінде, – өзіне
қайта оралады. Ойларының осындай желісіне сәйкес, Гегель филосо-
фияны үш бөлікке бөледі:
1. Логика. Ол өзіне бағытталған, оның өзіндегі идеяны зерттейді.
2. Табиғат философиясы. Идеяның басқа заттық болмысын
зерттейді.
3. Рух философиясы. Идеяның басқа болмыстан кері, өзінің негізіне
оралу үдерісін зерттейді.
Осындай бөлуге сәйкес, Гегель: «Логика ғылымы», «Табиғат фило-
софиясы», «Рух философиясы» деген кітаптар жазған. Бұл кітаптар
«Философия ғылымдарының энциклопедиясын» құрайды.
Сонымен, Гегельдің философиялық жүйесін
объективтік идеализм деп бағалауға болады. Бірақ біз бірінші құрамдас бөлікті – Дара идея-
ны – сызып тастап, өз ой-пікірлерімізді өзінің тарихи дамуы барысын-
да рухани өмірі бар қоғамды тудырған «Ұлы Мәртебелі Табиғаттан»
бастасақ, онда, Ол өзі жасаған туындысы – Адам арқылы
өзін танып біледі де, біз
классикалық материализмді алады екенбіз.
Алайда Гегельдің Дара идеясына оралайық. «Бұл не сонда?» – деп
сұрау әділетті болмақ. Студенттерінің осы сұрағына ол: «Бұл –
христи - ан Құдайының басқа аты», – деп жауап беріпті-міс дейтін аңыз бар.
Егер олай болса, онда Гегельдің философиясын
дүниені діни тұрғыда танып білудің нәзік, әдемі кесімді өрнегі деп қарауға болады.
Гегельдің философиялық жүйесіндегі ең бір