247
Соңғысы арқылы Конт бақылаудың, тәжірибе жасаудың және
өлшеудің
ғана деректерін емес, солардың бастауы («жасырын»
себептері) ретінде қайта жасалуы мүмкін нәрселерді де, сондай-ақ
өзі «табиғаттың орнықты фактілері» деп айқындаған заңдарды да
түсінген. «Оңдардың» қатарына ол «сананы қоса алғанда, адамның өзі
туралы» білімін де жатқызады.
Басты ғылым деп Конт әлеуметтануды (социология) жариялайды.
Конт әлеуметтанудың негізін салушы болып санала ма деген сұрақ дау
тудырады және аталған терминді қолданбаса да, көзқарастары, әрине,
әлеуметтік болған алдыңғы ойшылдарға (Монтескьё, Сен-Симон, Фер-
гюсон және басқалары бар) қалай қарауға байланысты.
Егер Гегельдің панлогизміне
Шопенгауэр Әлемдік ерікті, Кьёр-
кегор адамның өмір сүруін қарсы қойса, ал Конт жекелеген арнайы
ғылымдардың нәтижелеріне негізделген философиялық қағидаларды
қарсы қояды.
Нәтижесінде, ол философия – нақтылықты өз
бетінше зерттейтін, бірақ өмір сүруге құқы жоқ іргелі ғылым деген
қорытындыға келеді. Жеке ғылымдардың дамуына байланысты фило-
софия
банкроттыққа ұшырады, ол бар байлығын үш қызына бөліп
беріп, қартайғанда кедей пақырға айналып, жападан-жалғыз қалған
король Лирге ұқсайды. Философия өте-мөте жалпы ұғымдармен бай-
ланысты
болғандықтан, оларды лақтырып тастау керек, олардың ор-
нын нақты ғылыми білімді жүйелеу және сипаттау алуға тиіс.
О.Конттың ойынша, адамзаттың рухани дамуы үш сатыдан өткен:
а)
Достарыңызбен бөлісу: