329
уақыт шығындауды қажет етсе, ал күрделі нысандар зерттелген
жағдайда, олардағы өлшеу әдістері дәл еместігінен азап шегеді. Есептеу
техникасының көмегімен орындалған виртуалдық үлгілер аз уақыттың
ішінде орасан көп ақпаратты өңдеуге мүмкіндік береді, күш-қуат пен
қаражатты үнемдейді, ғалымның шығармашылық мүмкіндіктері үшін
үлкен кеңістік туғызады.
Құрылысы күрделі, өздігінен басқарылатын жүйелер туралы
ғылым ретінде кибернетиканың болашағы зор екенін ерекше айтқан
жөн. Ондай жүйелердің үлгілерін жасай отырып, ол соған ұқсас және
құрылысы күрделі жүйелерді терең зерттеуге мүмкіндік береді. Соның
негізінде зерттелген жүйелердің қызметін істеп көрсететін, адамдардың
іс жүзіндегі қызметінде пайдалануға болатын жасанды материалдық
нысандар құрылады. Мысалы, медузалар бірнеше сағат бұрын теңізде
дауыл көтерілетінін сезеді. Медузаның тиісті органдарын зерттеу
негізінде ғалымдар он бес сағат бұрын ауа райының бұзылатынын,
дауыл тұратынын алдын ала болжай алатын аспап ойлап тапты.
Қазіргі уақытта ғылымның жаңа саласы – тірі организмдердегі басқару
жүйелерінің заңдылықтарын және оларды модельдеу мүмкіндігін,
сонымен қатар адамдар үшін пайдалы тиісті аспаптарды жасауды
зерттейтін бионика дамып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: